Головкиннің жаттықтырушысы қайда жүр?

О Сансызбай Корреспондент
Головкиннің жаттықтырушысы қайда жүр?
Фото ©️ vk.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC пен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің келесі қарсыласы - мексикалық боксшы Сауль Альвареспен бірге пресс-турды аяқтап, Лондон, Нью-Йорк пен Лос-Анжелесте баспасөз мәслихаттарын өткізді. Алайда осы жолы оның жанында бапкері Абель Санчес көрінбеді. Жанкүйерлер арасында оның «Канелоның» командасына ауысып кеткені туралы әңгіме тарай бастады.

БӨЛІСУ

- Жоқ, мен "Канелоның" командасына ауысқан жоқпын. Қызық, бірақ ол өсек-аяндар шындыққа келмейді. Мен үшін кері шегінудің қажеті қанша? Геннадийдің пресс-туры менің ұлымның тойымен тұспа-тұс келді. Қазір мен сонда жүрмін. Гавай аралдарынан бірнеше аптадан кейін ораламын. Сол кезде біз алдағы жекпе-жекке дайындық жұмыстарын бастаймыз",- деді Абель Санчес Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегастың "T-Mobile Arena" спорт кешенінде Головкин мен Альварес арасында көптен күткен жекпе-жек өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда аталған жекпе-жек 17 қыркүйекте таңғы сағат 9:00-де көрсетіледі.