Қанат Ислам "Канело" - Чавес жекпе-жегін көру үшін Лас-Вегасқа келді

О Сансызбай Корреспондент
Қанат Ислам "Канело" - Чавес жекпе-жегін көру үшін Лас-Вегасқа келді
Фото ©️ facebook.com

Бірінші орта салмақтағы "WBO Intercontinental" және "WBA Fedelatin" белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (23-0, 19 КО) келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін Лас-Вегасқа келді, - деп жазады Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

БӨЛІСУ

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті кездесуін 26 мамыр күні Флоридада өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы  - мексикалық Норберто Гонсалес. Ол кәсіпқой бокстағы 31 кездесу өткізіп, 23 кездесуде жеңіске жетсе, 8 кездесуде жеңіліп қалған. 

Лас-Вегаста қазақстандық боксшы бір апта жаттығу жұмыстарын өткізеді. Бұл дайындықтар барысында спарринг өткізу де жоспарланған. 

Сондай-ақ Қанат Ислам 6 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтетін Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жекті тамашалайды. 

Бұған дейін отандасымыз өзінің сұқбатында "Канеломен" кездескісі келетінін айтқан еді. Тіпті соңғы жекпе-жегінен кейін ол шаршы алаңда мексикалық боксшыны жекпе-жекке шақырды.