Тимур Бекмамбетов Головкин жайлы деректі фильм түсіреді

О Сансызбай Корреспондент
Тимур Бекмамбетов Головкин жайлы деректі фильм түсіреді
Фото ©️ tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF жүйелері бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсірілетінін мәлімдеді. Туындыны белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетов түсіреді.

БӨЛІСУ

- Кеше ғана Тимур Бекмамбетовпен кездестім. Біз Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсіруді талқылап, түсіруді жоспарладық. Геннадий – өте мықты жігіт, ұлы чемпион, Қазақстанның мақтанышы» - деді министр «Время» газетіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, ақпан айында британдық «Superb Films Corporation» компаниясы да қазақстандық боксшы туралы фильм түсіруді жоспарлап отырғандары туралы хабарлаған болатын.