"Қайрат" клубының жаңа құрамын таныстыру шарасына Аршавин келмеді

Серікбол Ерсін Корреспондент
"Қайрат" клубының жаңа құрамын таныстыру шарасына Аршавин келмеді
Фото ©️ perta.ru

Алматының "Қайрат" клубы футболдан Қазақстан чемпионатының жаңа кезеңінің басталуына байланысты 3 наурызда өз базасында іс-шаралар өткізеді, − деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

Іс-шара кезінде клубтың жаңа мүшелерінің таныстырылымы өтеді. Еске салайық, "Қайраттың" құрамын голкипер Андрей Сидельников, қорғаушы Лукаш Тесак және жартылай қорғаушы Ян Вороговский толықтырған болатын. "Қайрат" клубына ауысуға жақын қалған Андрей Аршавин шара кезінде әзірше бой көрсетпеді.

Айта кетейік, ресейлік спортшы ақпанның соңынан бері Алматыда жүр, ол осыған дейін командамен бірге бірнеше жаттығу өткізіп үлгерді. Оның жақын арада алматылық клубпен келісімшартқа отыратыны хабарланған еді. Дегенмен Аршавиннің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Сонымен қатар әйгілі "Арсенал" мен "Зенит" клубтарының экс-ойыншысының алматылық клубқа ауысуын мамандар күмәнді шешім деп атады.

Дереккөз: tengrinews