Джокович «Australian Open» турнирін алтыншы рет жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Джокович «Australian Open» турнирін алтыншы рет жеңді
Фото ©️ vk.com

Танымал теннисші Новак Джокович спорттық мансабында «Australian Open» турнирін алтыншы рет жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Серб теннисшісі Мельбурндегі турнирдің финалында британдық Энди Маррейді ұтты. 2 сағат 52 минутқа созылған ойын 3 сеттен кейін аяқталды. Бірінші сетте Новак 6:1 есебімен жеңіске жетсе, кейінгі екі сетте Энди барын сала өнер көрсеткенмен, әлемнің бірінші ракеткасы жеңісті уыстан шығарған жоқ. Нәтижесінде кейінгі екі сет те 7:5, 7:6 есебімен Новак Джоковичтің пайдасына шешілді.

Новак Джокович «Үлкен дулыға» санатындағы «Australian Open» турнирінің финалына алтыншы рет шығып, барлығын жеңіспен аяқтады. Ол осыған дейін 2008, 2011, 2012, 2013 және 2015 жылдары жеңіс тұғырынан көрінген болатын.