Илья Ильин Лондонда шеберлік сабағын өткізді

О Сансызбай Корреспондент
Илья Ильин Лондонда шеберлік сабағын өткізді

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Лондонда жанкүйерлеріне арнап шеберлік сабағын өткізді. Мұны екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы атанған отандасымыз instagram желісі арқылы хабарлады.

БӨЛІСУ

Instagram желісіндегі хабарламадағы суретте - ауыр атлетикаға қызығушылық танытушылар Ильямен бірге жаттығу жұмыстарын жасап жатқанын анық байқауға болады. Осыған дейін спортшы да жергілікті жанкүйерлерімен кездесу болатынын айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Илья Ильин "Тұманды Альбионға" ағылшын тілін үйрену үшін аттанған болатын.

Cурет: archive.sportinfo.kz, скриншот

Оқи отырыңыз

Илья Ильин: Ағылшын тілін үйреніп жүрмін

Илья Ильин жаттығу жұмыстарын бастады