«Astana Arlans» боксшысы екі жылға спорттан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
«Astana Arlans» боксшысы екі жылға спорттан шеттетілді

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) бақ сынайтын «Astana Arlans» клубының боксшысы Алмат Серімов допинг пайдаланағаны үшін екі жыл спорттан шеттетілді. Бұл туралы ҚР бокс федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Ұлттық допингке қарсы орталық комиссиясы шешімімен Алмат Серімов екі жыл көлемінде ұлттық, аймақаралық, халықаралық және құрлықтық жарыстарға қатыса алмайды. Осыған дейін боксшының қанынан допинг табылғаны туралы бейресми ақпараттар айтылғанмен, расталмаған еді. Енді белгілі болғандай, «Astana Arlans» клубы 27 қаңтар күні боксшымен ресми түрде келісімшартын бұзатын болады. Бірақ, бас бапкер Марат Жақиев боксшының допинг пайдаланғанын растап отырған жоқ. Жаттықтырушының айтуынша, ел чемпионаты алдында ауырған боксшы ем-дом қабылдаған. Сауығу үшін пайдаланған дәрілер құрамында тыйым салынған дәрумендер барын білмеген көрінеді.

Алмат Серімов 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп келген. Бокстан ҚР спорт шебері атағы бар-ды. 2014 жылы Таразда өткен ел чемпионатында Ақмола облысының намысын қорғап, алтыннан алқа таққан болатын. Халықаралық додалар мен байрақты бәсекелерде де ел намысын қорғаған.

Сурет: kfb.kz