«Арландар» финалға өте алмады

Шерхан Талап Корреспондент
«Арландар» финалға өте алмады

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) төртінші маусымы аясындағы жартылай финалдық кезеңнің қарымта кездесуінде астаналық «Арландар» әзірбайжандық «Баку оттарына» 4:1 есебімен есе жіберді. Астана қаласында өткен алғашқы кездесу 3:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілген болатын.

БӨЛІСУ

Ілияс Сүлейменов - Эльвин Мамишзада

Алғаш болып шаршы алаңға көтерілген 52 келідегі боксшымыз Ілияс Сүлейменов әзірбайжандық Эльвин Мамишзададан ұтылды. Бастапқы екі раунд бойынша алда келе жатқан отандасымыз соңғы раундарда есе жіберіп қойды. Үш төрешінің де шешімі бойынша әзірбайжан боксшысы Эльвин Мамишзада 3:0 (48:47,  48:47, 48:47) есебімен басым түсті.

Самат Башенов - Альберт Селимов

60 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан «Астана арланс» командасының капитаны Самат Башенов қарсыласы Альберт Селимовтан техникалық нокаут бойынша жеңіліс тапты. Кездесудің екінші раундында Саматтың қабағы жарылып кетуіне байланысты төреші ұрысты тоқтатуға мәжбүр болды.

Манат Өмірзақов  - Евенгений Рамашкевич

69 келіде өнер көрсеткен Манат Өмірзақов та қарсыласынан айласын асыра алмады. Ол «Баку оттары» командасының боксшысы Евенгений Рамашкевичтен айқын басымдылықпен ұтылды. Бес раундтың қорытындысы бойынша есеп – 3:0 (49:46, 49:46, 49:46).

Хрвое Сеп - Михаил Долголевец

«Арландарға» алғашқы ұпайды 81 келідегі хорватиялық легионер Хрвое Сеп алып берді. Ол шаршы алаңда «Баку оттары» командасының боксшысы Михаил Долголевецті 2:1 (49:45, 48:46, 46:48) есебімен жеңді. Тартысқа толы өткен кездесуде төрешілердің шешімі бойынша Хрвое Сеп жеңімпаз деп танылды.

Филипп Хргович - Хаджи Муртузалиев

+91 келіде соңғы болып шаршы алаңға көтерілген қазақстандық Филипп Хргович төрешілердің даулы шешімі бойынша қарсыласына жол берді. Бес раунд бойы қарсыласын соққыдан көз аштырмаған Хргович, тіпті төртінші раундта әзірбайжандық боксшы Хаджи Муртузалиевті нокдаунға жіберген еді. Алайда алаң иелеріне бүйрегі бұрған төрешілер жеңісті Хаджи Муртузалиев алып берді. Егер Филипп Хргович жеңіске жеткенде, жарыс ережесі бойынша қосымша кездесу өтетін еді. Әйткенмен шаршы алаңның сыртында тосқан үздік бокшымыз Әділбек Ниязымбетовқа мүмкіндік берілмеді.

Жалпы есеп бойынша жерлестерімізді 6:4 есебімен ұтқан «Баку оттары» командасы финалда кубалық «Cuba Domadores» командасымен күш сынасады.

Автор: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz