«Реал» Ракитичті сатып алмақ

О Сансызбай Корреспондент
«Реал» Ракитичті сатып алмақ

«Корольдік клуб» андалусиялық «Севильяның» капитаны Иван Ракитичті өз қатарларына қосуға ниетті екенін білдіруде. Алдағы трансфер кезеңіндегі алғашқы қадамдарына да бара бастады.

БӨЛІСУ

Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы осы маусымда ерекше ойын өрнегімен футбол мамандарының көзіне түсіп жүр. Командасын алға сүйреп жүрген капитан 2011 жылдан бері «Севилья» сапында тер төгуде. Соңғы кездесулерінің біріндегі «Реалға» қарсы ойында Иван Ракитич клубының жеңіске жетуіне бар жағдай жасады. Осылайша мадридтік клуб қызығушылығын тудырған футболшы алдағы жазда клуб ауыстыруы ғажап емес.

Осыған дейін каталондық «Барселона» трансфер кезеңіндегі ФИФА ережелерін орындамағаны үшін 2 жыл қатарларына жаңа футболшы қоса алмайтын болып шешілген-ді. Енді «блауграна» басына туған күн жақын уақытта мадридтік «Реал» мен «Атлетикоға» әсерін тигізбек. Егер дәл сондай қателіктер орын алып жатса, бұл клубтар да жазаға тартылатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Иван Ракитич командасы Еуропа лигасының 1/4 финалының алғашқы кездесуін жеңіліспен бастады. Сырт алаңда «Портуға» 1:0 есебімен есе жіберді. Өзге нәтижелер төмендегідей:

«Лион» (Франция) - «Ювентус» (Италия) ) 0 - 1

«Базель» (Швейцария) - «Валенсия» (Испания) 3 - 0

«АЗ Алкмаар» (Нидерланды) - «Бенфика» (Португалия) 0 - 1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footballhd.ru