Елбасы туралы деректі фильм түсірілді

Елбасы туралы деректі фильм түсірілді
Фото: vk.com

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Избранный веременем» атты жаңа фильм көрерменге жол тартты.

Деректі картинаны ҚР Президентінің Телерадио кешені белгілі ресейлік публицист Леонид Млечинмен бірлесіп түсірген.

37 минутқа созылатын туынды Қазақстан Республикасы Президенті Қорының қолдауымен жарыққа шықты. Сценарий авторы – Леонид Млечин. Тың туындының қоюшы режиссері – Сәуле Көмекбаева. Оның сценарийі «Назарбаев. Президентпен бірге топтасқан портрет» («Шығыс-Батыс» баспасы, 2010 жыл) кітабы бойынша жазылған. Туынды кең ауқымдағы көрермендерге арналған.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихты жасайтын аз ғана тұлғалардың бірі. Нұрсұлтан Назарбаев – реформатор», – дейді фильм авторлары. 

А. Оралқызы