Райымбек батырдың жалғыз тілегі

Райымбек батырдың жалғыз тілегі
Фото: e-history.kz

Батырлар қашанда туған еліңді, һәм жеріңді жаудан қорғап, кейінгі ғасырларға аманат жүгін арқалаған ерекше тұлғалар. Олардың ерлігін біз көп-көп насихаттай беруден жалықпауымыз керек. Мұның өзі жастарымызға елдікті, ерлікті үйретері анық.

Осы орайда Райымбек батырдың өзі тұстас батырларға білдірген бір-ақ тілегін келтіргіміз келеді. Бірде Ұлы жүздің айтулы батырлары Райымбекті қолбасшы етуді ұйғарады. Өз кезегінде Райымбек оларға тілегін қояды:

- Мен әлі жаспын, бұрын соғыста болған жоқпын, соғыс әдісін білмеймін, қайта жұмсасаңыздар мен дайын, - деп жауап күтті. Сонда қолбасшы батырлар:

- Соғыс жағдайын біз айтамыз, мынадай заңдарды біл, - деді. – Бірінші – ол жақтан дұшпандардың жауы келеді. Соғыс қашан басталады, мезгілі көрсетіледі. Сонымен бірге соғыспай, келіс жұмыс тоқталмас.

Екінші жекпе-жекке адам шығады. Ол шыққан батырлар өз аттарын баяндап ұран айтып шығады, бірден бес ретке дейін, егер екі жақтың бір жағы бес рет жеңілсе, ақыр жеңбесіне көзі жетсе, туын жығып, жеңіліс бітімге келеді. «Жоқ, біріміз қалғанша соғысып, жеңіс аламыз» десе, туын жығып, қолбасшысын өлтіріп, жеңіп алады. Сонда анық жеңген сол болып табылады, - деді батырлар.

Ұлы жүздің қолбасшы батырларының сөзіне түсінгеннен кейін Райымбек:

- Ақыры сіздер мақұлдаған істеріңізге мен разымын, - деді. – Менің ұсыныс тілегім ұран біреу-ақ болсын, кімді ұран етіп алсаңыздар да.

Жекелеп соғыс болмасын. Барлық соғысқа хабаршы болсын, - деп тілегін білдірді.

Ұлы жүздің қолбасшы көп батырлары: «Бүгіннен бастап Райымбек батыр Ұлы жүздің көп жауынгеріне, көп батырларына қолбасшы деп саналсын. Бүгіннен бастап Райымбек батырдың бастауымен соғыс болсын. Райымбек батырдың бастауына қарсы болса, көп ортасында басы алынсын! – деп айқай көтерді.

«Соғысқа кіргенде ұран біреу-ақ болсын. Ол ұран «Райымбек» деп жауға шапқандар ұрандап кіретін болсын!» - деп Ұлы жүз көп жауынгерлері мен батырлары серт жасады. Нәтижесінде қалмақтардың үстінен қазақтар басым түсті, ең бастысы жеңіске жетті.

jastar.kz

@. @assel_assanova