Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Түп тамыр / Қазақ хандығы - 550 жыл / Ақберен / Бәйдібек би туралы не білеміз?

Бәйдібек би туралы не білеміз?

Бәйдібек би туралы не білеміз?

Бәйдібек Қарашаұлы – қазақтың атақты биі әрі батыры, хан да болған.

Кезінде Бәйдібек би кесімді, бітімді тапқыр шешен сөздерді, ақыл-нақыл, мақал-мәтелдерді көп айтқанға ұқсайды. Олардың кейбірі айтыла-айтыла, авторы ұмытылып, халықтық мұраға айналып кеткен. Дер кезінде хатқа түспеген соң көпшілігі ұмытылып та кеткен. Десек те, Бәйдібек бабамыздың бірлі-жарым нақыл сөздері атадан балаға ауысып, бүгінгі күнге жетті. Оның ел аузынан жазып алынған кейбір  нұсқалары:

Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты: «Өзім асырап, есігіме салған құлым еді, ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді меннен ат дәметеді».

Би жалшыға сөз беріп:

- Кәне, сен сөйлеші, - десе, әлгі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:

Аяққа кісен салуға болар, 
Қолға кісен салуға болар, 
Ал, тілге кісен салуға болмас, - деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.

Бір жолы Бәйдібек үш жасар Жалмамбет дейтін баласын ертіп, Ташкент базарына барыпты. Бала саудагер, делдал дегендерді алғаш рет көрсе керек. Үлкендерден: «Бала, саудагер қулар алдап кетіп жүрмесін» деген сөздерді естіп жүреді. Жолда бара жатып:

- Көке, осы саудагер не жейді? – деп сұрапты. Сонда Бәйдібек жас баласына:

- Саудагер, делдалдар түске дейін өзгелерді алдап жейді, түстен кейін өзді-өзін алдап түсіреді, - депті.

Бір жолы баласы Жалмамбет «менікі жөн, олардікі теріс» деп, бір жайлау дауын әкесіне айтып отырды. Сонда Бәйдібек би баласына:

Өткелді саяз деме, 
Таяғыңды салып бойлат. 
Ісімді мақұл деме, 
Ағайынға салып ойлат, - деп ақыл айтыпты деседі қариялар.

Дайындаған: Жас Исакаев
Фото: vk. com
Қосылған күні: 17 желтоқсан 2015, 20:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.