Шекшекей батыр

Шекшекей батыр
Фото: danlik.ru

Шекшекей - Кіші жүздің батыры. Исатай батыр бастаған көтерілісінің белсенді мүшелерінің бірі. Ығылман Шөрекұлының, Мұрат Мөңкеұлының белгілі жыр-дастандарындағы көтеріліс батырларын санамалайтын шумақтарда аталғанымен, ресми құжаттың ешқайсысында Шекшекей батырдың есемі кездеспейді. Сондықтан бұл батыр туралы бүгінгі таңда деректер өте аз. Бірақ ел іші оның ерлігіне қанығып, қадірлей білген. 

Бір назар аударатын жайт, көтеріліс жеңілген сәтте Исатай батырларының бәрі Жайықтың Бұхара бетіне өтіп, туыс-жұрттарын сағалағанда, Шекшекей батыр ғана Құтымға (Астрахань жақ) қашқан. Осы дерек астарына мән бере отырып, зертеуші Әнес Сарай Шекшекей батыр өзге ағайындары ханды жақтап жатқанда Исатай қолына қосылған төлеңгіт Шеменбай Досай шығар деп жорамалдайды. 

Ж. Исакаев