«Ұлы дала елі» экспедициясы жолға шықты

«Ұлы дала елі» экспедициясы жолға шықты
Фото: voxpopul

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталды.

Астана, Ақтау, Павлодар қалаларынан шыққан топ ай бойы аймақтарды аралап, сапарларын Таразда түйіндейді. Депутаттар, зиялы қауым, журналистер, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жастар ұйымдарының мүшелері тарихи орындарға соғып, осы тақырып төңірегінде түрлі кездесулер өткізеді. Мақсат – ғылыми-танымдық іс-шаралар арқылы ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. Сапар соңында қатысушылардың жазбаларынан үш томдық күнделік жарық көреді деп жоспарланып отыр.

Дереккөз:24.kz

Н. Нұрмаханұлы