Ұлттық музейде «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» кітабы таныстырылады

Ұлттық музейде «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» кітабы таныстырылады
Фото: inform.kz

2015 жылғы 11 қыркүйекте сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, белгілі ғалым, қоғам қайраткері Әбсаттар Дербісәлі мен профессор Мансұр Хайдардың «Мырза Хайдар Дулати парсы деректерінде» («Мирза Хайдар Дулати в персидских источниках») кітабының, сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» кітабының таныстырылымы өтеді.

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған шараға белгілі ғалымдар, тарихшылар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасының өкілдері қатысады.

Ф. Абилова