Астанада Қазақ хандығының қалыптасу тарихы талқыға салынбақ

Астанада Қазақ хандығының қалыптасу тарихы талқыға салынбақ
Фото: e-history.kz

Отандық және шетелдік ғалымдар Қазақ хандығының қалыптасу тарихы мен дамуын талқыға салмақ.

Бас шаһарымызда 11 қыркүйек күні өтетін «Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 1500 адам қатысады. Осы шараға 20-ға жуық мемлекеттен 50 ғалым келмек. Ауқымды шарада білікті мамандар Қазақ хандығы жайында тың деректер мен жаңа тұжырымдамаларды билер сотының әлем өркениетіндегі орны, сондай-ақ бүгінгі Қазақстан жайында жинақталған бірегей мәліметтерді жария етеді. Бұдан бөлек мерейлі мерекеге орай қазан айында ел тарихшыларының III конгресі өтеді. Бұл жиын да жерлестеріміздің патриоттық сезімін арттыруға, көпшілікке беймәлім мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.

Зиябек Қабылдинов, тарих ғылымдарының докторы, профессор: — Тарихты білу, тарихты насихаттау, тарихты зерделеу, зерттеу халықтың рухын көтереді, халықтың арқасын қозғайды. Патриоттық рух пен тарих Қазақстанның 30 озық мемлекет қатарына кіруіне үлкен септігізін тигізбек.

Дереккөз:24.kz

Н. Нұрмаханұлы