Түркияда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай конференция өтті

Түркияда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай конференция өтті
Фото: kargoo.gov.kz

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай конференция өтіп, оған түрік қоғамының сараптамалық және қоғамдық топтарының және БАҚ өкілдері қатысты деп хабарлайды, - Baq.kz сайты.

Қазақстанның Елшісі Жансейіт Түймебаев сөйлеген сөзінде Қазақстанның мыңдаған жылдардан бері түрлі өркениеттер даму жолдарының тоғысқан, халықтардың ұлы көш бағдарларының қиылысқан жері болғанын атап өтті. Мұнда еуразиялық даланың кең аумақтары игеріліп, материалды және рухани мәдениет орнатылған. Бүгінде бұл бірегей мәдениеттің жетістіктері бүкіл әлемде мойындалуда.

Ж. Түймебаев конференция қатысушыларының назарына Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шарасы Қазақстан үшін зор маңызға ие екенін айтты. Мерейтойлы жыл халықтың тарихи санасының қалыптасуында ерекше орын алып жатыр. Бұл іс-шара Қазақстан мен түркі әлемінің ағартушы интеллигенциясының іс-әрекеттерінде де бейнесін таппақ.

Іс-шараға қатысқандар Қазақ хандығы тарихына аса қызығушылық танытып, Қазақстанның тарихы мен мәдени дәстүрін зерттеуге бағытталған бірлескен ұмтылыстардың қажеттілігі үшін сөз қозғады. Осыған орай, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту іс-шаралары ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуының терең тамырларының бар екендігіне және жалпы бауырлас Қазақстан жеріндегі тарихи мемлекеттілігінің куәсі болып табылады. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының қазақстандық жастары үшін мұрагерлік көрінісі, сонымен қатар қазіргі замандастардың жиналған білім қорын, өз халқының салты мен дәстүрін келер ұрпақ үшін сақтауға міндеттілігінің белгісі екендігі аталып өтті.

Конференция аясында Қазақстан мен Түркия екіжақты қарым-қатынастарының тарихы, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қазақстан Ата заңының 20-жылдығы секілді аталып жатқан баянды уақиғалар тақырыбына сәйкес фотокөрме ұйымдастырылды. Оған қоса, Жәнібек пен Керей хандарының бейнесі көрсетілген суреттер мен аты аңызға айналған Абылай хан отырған көп қанатты киіз үй макеті шығарылды. Қатысушылардың назарына түрік тілінде басып шығарылған Қазақстан туралы кітаптар ұсынылды. 

Е. Жұмабайұлы