Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылды

Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылды
Фото: www.altyn-orda.kz

Алматы қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылды. Көрмеге 10 суретшінің туындысы қойылды. Олардың ішінде қазақ сурет өнерінің негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Қастеев пен оның немересі Дәурен Қастеевтің суреттері бар. Көркемөнер көрмесінің «Ұлы дала жаңғырығы» келушілерге қазақ тарихындағы ержүрек батырлардың бастан кешкен шайқастарынан сыр шертеді. Суретші Дәурен Қастеевтің айуынша, көрме ерекше болды. Суретшілердің түрлі жанрдағы туындылары оған рух беретінге ұқсайды.

Көрмеге Әбубәкір Исмаилов, Ағымсалы Дүзелханов, Мақым Қисамединов, Евгений Сидорин, Нұрлан Қилыбаев және Николай Гаев сынды суретшілердің туындылары ілінген. Одан бөлек Нұрлан Далбай мен Әділет Жұмабайдың архаизм мен классикалық үлгідегі мүсіндер таныстырылды.

Н. Нұрмаханұлы