Ұлыбританияда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кеш өтті

Ұлыбританияда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кеш өтті
Фото: bnews.kz

Жуырда Лондонда (Ұлыбритания) Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында ағылшын жазушысы Роберт Вайтпен кездесу өтті, - деп хабарлайды BNews.kz. 

Р.Вайт — «Шексіз даланың ғайып болған хандары» (Vanished Khans and empty steppes) қазақ тарихы туралы кітабын жазған Ұлыбританияның тұңғыш жазушысы. Кітап авторы бұрын Қазақстанда 5 жыл еңбек еткен банк қызметкері еңбегінде қазақ мемлекеттілігінің тұрақтануы мен дамуы, олардың ұлттық біртектілік пен аумағы үшін сыртқы қауіптермен ұзақ жылдар бойғы күресі туралы баяндайды.

Шараға қазақстандық студенттер, дипломаттар, қазақ диаспорасының өкілдері, ҚР және ҰБ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдары қатысты. Кешке ағылшын тілінде жазатын орталық азиялық авторлардың жұмыстарына мамандандырылатын Hertfordshire Press британдық баспа үйі де келді.

Vanished Khans and Empty Steppes кітабы Қазақстан тарихының неолит және ерте қола дәуірінен посткеңестік аймақтың алдыңғы қатарлы мемлекетіне айналған шағын қамтиды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен Silk Road Media компаниясы ұйымдастырды. 

Е. Жұмабайұлы