Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Түп тамыр / Қазақ хандығы - 550 жыл / Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғаны қазақ тарихының көрсеткіші емес

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғаны қазақ тарихының көрсеткіші емес

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғаны қазақ тарихының көрсеткіші емес

Бүгін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл: Қазақстан мемлекетінің болашағы мен келелі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Massaget.kz порталының тілшісі. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға еліміздің ЖОО-нан осы тақырып төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген тарих ғылымдарының докторлары, профессор, доценттер қатысты.

Қазақстанның жоғарғы оқулары арасында алғаш ұйымдастырылған басқосуда Қазақстанның тарихи даму тәжірибелері мен ғаламдық және интеграциялық процесстер жағдайындағы болашағы талқыға салынды. Студенттер де белсене араласып, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алып, тарих түбіне тереңінен үңілді.

Конференция басталмас бұрын, үш жүздің басын қосқан, қазақтың ардагері Абылай хан туралы деректі фильм көрсетілді. Фильмде оның өмір тарихынан аз-кем мағлұмат беріліп, оның жаугершілік замандағы тапқырлығы, болашақты болжай алған кемеңгерлігі туралы кеңінен айтылды. Қазақтың 550 жылдығына арналған бұл жиында залға сыймай отырған қазақ жастарының рухын бір көтеріп алғаннан кейін, мінбеге университет ректоры Шыныбеков Дамир мырза шықты.

Сөз кезегінде барша қатысушыны Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуымен құттықтап, конференцияға қатысушы қонақ ғалымдарға алғысын білдірді. Алғы сөзді алғыспен бастаған ол «қой сойса да, қасапшы сойсын» дегендей, ары қарайғы ғылыми-конференция тізгінін ғалымдарға берді.

Алғаш сөз тарих ғылымдарының докторы Әбдіров Мұрат мырзаға берілді. Баяндама тақырыбы: «Ұлттық тарихтың уақыт тізбегі: Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл және жазба деректерде «қазақ» сөзінің алғаш рет қолданғанына 770 жыл». Дегенмен, Мұрат мырза өз сөзінде: «Химик, физик, технология маманы болу оңай, ал тарихшы болу –қиынның қиыны. Неге десеңіз, арқалар жүгі ауыр. Тарихшының арқасында бүкіл қазақ тарихының өткені мен келешегінің жүгі жатыр»,- деді. Осылай өмірін үлкен жауапкершілікті іске арнағанын айта келе, баяндамасын «Біз екі рет тәуелсіздігімізді жоғалтып, екі рет қайта алдық (Моңғол шапқыншылығы, Ресейдің отарлауы) үшінші рет қателесуге құқымыз жоқ», - деп аяқтады.

Келесі болып мінбеге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, тарих ғылымын докторы Нәбижан Мұхаметханұлы көтерілді. Баяндама тақырыбы: «Қазақ хандығы құрылуының тарихи негіздері». Көпшілікпен амандасып алған соң, «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толды дегеніміз қазақ тарихына жарты ғасыр болды деген сөз емес. Қазақ халқының тамыры бұдан 2500 жыл бұрын өмір сүрген сақтарда жатыр» деп бастады. Оған дейінгі өмір сүрген этникалық топтар, қазақ жері аумағындағы хандықтар, қағандықтар болғанымен, олар ұлттық сипат алмағанын, сондықтан да, Қазақ хандығының құрылуы әрқашан да Қазақ мемлекетінің бастауы болып қала беретінін баса айтты. Одан әрі Керей мен Жәнібектің ерлігін, олардың тарихи кезеңді сәтті пайдаланғанын және бүгінгі Елбасының көрегенділігінің арқасында бүгінгі 550 жылдықты тойлап отырғанымызды атап өтті.

Одан әрі сөз тізгінін Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры, өнертану докторы Омарова Гүлнәр ханым алды. Баяндама тақырыбы «Қазақтың музыкалық тілі ұлттық өнердің сақшысы ретінде және оның жаһандану әлеміндегі орны». Басында тақырыпқа жалпы сипаттама берілгендіктен, бірден негізгі әңгімеге көшіп қысқа қайырды. Қазақ халқының ұлттық өнері, қазақ хандығының құрылуымен байланысты екенін және содан бастау алатын айтты. Қазақ тарихы, қазақ ұлты жайында әңгіме қозғалған кезде, қазақты қазақ қылған ұлттық дәстүрі, ұлттық музыкасы туралы айтпай кетуге болмайды деп сөзін қорытындылады. Қазақ музыкасының байлығын тағы да бір дәлелдеу мақсатында жиынға жалғыз келмей, жанына қазақтың қара домбырасы мен қоңыр даусын серік еткен термеші шәкіртін ерте келіпті. Қоңыр дауыспен нақышқа келтіре орындаған Сүйінбайдың толғауынан бұл залда толғанбаған адам қалмады. Бәрі де «беу-беу» десіп, елітіп отырды.

Еуразия Технологиялық Университетінің доценті, Тұрғараева Гүлфара ханым «Орбұлақ шайқасының батыр Салқам Жәңгір ханы» тақырыбында баяндама оқыды. Бүгінгі жиындағы қатысушылардың ұйып тыңдаған ең бір қызықты тақырыптарының бірі болды. Себебі, Салқам Жәңгірдің ерлігі жалғыз қазақ тарихында ғана емес, жалпы адамзат тарихындағы айтулы оқиға. Өз кезегінде ғалым Салқам Жәңгірдің өмір жолынан бастап, оның билікке келуі, Орбұлақ шайқасындағы ерлігімен жалғастырды. Және Жәңгір ханға дейін оқпана (окоп)  жасап соғыс жүргізбегенін баса айтты.

Бүгінгі конференцияның модераторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, саяси-ғылымдар докторы Дулат Қыдырбекұлы «Әлем тарихындағы Қазақстанның дербестігі» тақырыбында баяндама оқыды. Сөз басын «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толды дегеніміз қазақ тарихына жарты ғасыр болды деген сөз емес. Қазақ халқының тамыры бұдан 2500 жыл бұрын өмір сүрген сақтарда жатыр» деп  бастаған Нәбижан мырзаның пікіріне толықтай қосылатынын білдірді. Артынша «Өткенімізге (тарихымызға) көз жүгіртпей, болашақты болжау қиын. Қазақ хандығына 550 жылдығы – ол біздің тарихымыз, біздің өткеніміз. Бүгінгі конференцияның мақсаты да осы, бастан кешкен тарихымызды бүгінгімен байланыстырып, елдігімізді сақтай отыра, алға қадам басу» деп, отырғандарды бір қанаттандырды. Сонымен қатар, сонау Керей мен Жәнібектің тұсынан бүгінге дейінгі кезеңдерді жан-жақты талдап берді.

 

Соңғы ғалым сөзін аяқтай салысымен, бағанадан бері ұйып тыңдап отырған қатысушылар бойларын тіктеп,  қызықтырған тақырыптары бойынша сұрақтар қойды. «Қазақ хандығының 550 жылдығын насихаттауда ақпараттық технологиялардың маңызы қаншалықты?»,  «Орбұлақ шайқасында қаруланған сарбаздар саны 600 ғана болды ма, әлде, шынымен де, қалмақтың қалың қолына бар-жоғы 600-ақ сарбаз тойтарыс берді ме?», «Салқам Жәңгірдің Орбұлақ шайқасында нақты қандай әдіс-тәсілдер қолданды?» осы секілді көптеген сұрақ қойылып, тиісінше өз жауаптарын алды. Конференция одан әрі тақырыптар бойынша жекелеген дәрісханаларда жалғасты. Және соңынан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған студенттердің зерттеу еңбектері қаралып, профессорлармен біріге отыра, жан-жақты талқыланды.

Сурет: massaget.kz

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Қосылған күні: 17 наурыз 2015, 21:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.