Қыз балаға қойылып жүрген жаңа есімдер

Қыз балаға қойылып жүрген жаңа есімдер
Фото: cabinetsalyk.kz

Қазақ халқы баласына ат қойғанда үлкен ыждахаттылықпен, жауапкершілікпен қараған. Себебі адамның есімі оның тағдырымен тікелей байланысы бар деп есептеген. Ат қоюдың өзі ежелден келе жатқан мағынасы зор еш құндылығын жоғалтпаған дәстүр екендігін бірі білсе, бірі білмес. Адам есімі өзі өмір сүрген қоғаммен, мәдениетпен, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты.

Дәуір өзгеріп, заман жаңарған сайын адам аты да жаңарып, жаңа мазмұнға ие болады. Осыдан болса керек, қазіргі кезде өмір табалдырығын енді аттай бастаған сәбиге қазақ тілінде емес, басқа тілдегі есімдерді беру бір сәнге (модаға) айналғандай болды. Адам баласы ешкімде жоқ атты ойлап, өзінің сәбиіне әдемі, мағыналы, көркем, ықшам, жарасымды сұлу есімдер іздейтіндігі түсінікті. Бұл әрине қоғаммен, елдің дамуымен тікелей байланысты. Әрине бұл үрдіс орыс, батыс және қазақ халықтарының өзара тығыз мәдени қарым-қатынасына байланысты екені айдан анық.

Кейінгі кездері балаға ат қою, ат беру шегі кеңейе түсті, тіпті шегі жоқ деуге болады. Қазақтың көне, мағыналы, әдемі есімдерден гөрі басқа тілден енген есімдерді қоюға құштар болып тұрады. Сондай есімдерді бірнеше топқа бөліп көрсетіп берейік:

Қазақтың мағынылы заманауи есімдер

Айжұма, Айкербез, Айнұрым, Айсері, Айсәнім, Айсырға, Айсу, Айханша, Айша Сұлтан, Ансар, Арузат, Асылайым, Аянұр, Әселім, Бағжанар, Бегімай, Бегім-Сұлу (Бегім, Бегімсұлу бар) , Бибіназым, Гүлнази (Гүлназия бар), Әдия-Бегім, Жаннұрым, Жансүйген, Жаншырай, Зерделім, Зинұр (Зейнұр бар), Зинұра, Күннұры, Қыз-Жібек, Маралдым, Мейірі, (Ақмейірім, Гүлмейірім бар), Моншағым (Моншақ бар), Мұнтазбегім, Мұңтаз-Бегім, Назсезім, Нұраят, Нұрлайым, Патша Сұлтаным, Таңсамалым, Тәттім (Тәттімбет бар), Тәрбиелі, Тұмарым , Айтұмар, Тұмарбегім, Тұмарлым, Ханайым

Араб-парсы негізді адам есімдері

Азиза (Ғазиза, Қазиза, Назиза бар), Айсунна, Алхаят, Жаухаз, Жәннат, Ғайни, Гулия, Гульфайруз, Гюзаль, Далида, Әлсина, Жуайрия, Захида, Зинұр, Исламия, Калима, Камилла, Ламира, Маликан, Мансия, Мелек, Мугалима, Муниса, Муслима, Ниса (Әниса, Гүлниса, Айниса т.б.), Падишаһ, Перизада (Перизат), Рабинур, Рамиля, Рамира (Рамина), Раяана, Райана (Раян), Румейса, Руфинат, Рұқия, Русалина, Рухсари, Сальсабиль, Самина, Сарра, Сафина, Сафия, Сафият, София, Султанна, Сумая, Сурая, Тамила, Танзия, Тәсним, Шахназ (Шахназар бар), Умида, Уммугүлсім, Файина, Фатма, Фирдаус, Хиуа (Хиуаз бар), Ясин, Ясина

Батыс негізді адам есімдері

Агата, Адиша (Хадиша, Қадиша), Аийлин, Айзель, Айлана (Райлана), Айлара (Айнара), Айлина (Айнлинді еркелеткенде айтады), Айрин, Аия, Алиса, Альфаруза, Амалия, Амели, Аминат, Анель, Анеля (Жанел), Ариана (Мариананың жасанды түрі), Асения, Афина, Аэлита, Аяра, Ленара, Лианна, Лиллия, Лунара, Мелисса, Минесса, Мирэль, Бернура, Вэйлуна, Даналия, Данелья, Дарина, Дениз, Дилия, Дилнура, Илигай, Назель, Найлә, Нармина, Нәйля, Нилуфар, Нузар, Оэлун, Танура, Теона, Эвелина, Эданур

Қос тілді адам есімдері

Айлуна, Аймира, Аль – Сара, Сафинұр, Сафиянұр, Ясминұр, Айсель, Айсунат

Қ. Слямбек