Әр батырда бір тұлпар

Әр батырда бір тұлпар
Фото: yobte.ru

Тұлпар десе елең етпес қазақ жоқ. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" демекші, қазақ үшін тұлпар сондай қасиетті, айрықша бағалы жануар.

Зерттеушілер "тұлпар дегеніміз – қазақ халқы өмірде пайдаланған жылқының сирек кездесетін өте жүйрік тұқымы" деген анықтама берген. Батырлар жырынан, ертегілерден әр батырдың, жауға шапқан ердің өзінде өзіне тиесілі тұлпары болатынын білеміз. Тіпті, Ер Төстік ертегісінің өзінде жүйрік болмаса да, ерекше қабілеті бар (болашақты болжағыш) тұлпардың жүргенін көреміз.

Ендеше қазақ тұлпарының бүгіні мен ертеңін сүзіп, қай батырда қандай жылқы болғанын жинақтап көрдік.

Эпостық жырлардан:

Алпамыс батыр – Байшұбар

Қобыланды – Тайбурыл

Ер Тарғын – Тарлан

Қамбар батыр – Қарақасқа, Бурыл ат

Шора батыр – Таспакер мен Қатукер

Арқалық батыр – Көкжал

Телағыс батыр – Телкүрең

Ертегілерден

Кендебай батыр – Керқұла ат

Құлеке батыр – Құламойын

Делдаш батыр – Сары-алатегеш

Әлібек батыр – Орқызыл

Ханшентай – Дөнен Қара Бағыс

Ер Тарғын – Томаға көзді қасқа азбан

Ер Төстік – Шалқұйрық

Байғұлан – Құл шұбар ат

ХVIII-XIХ ғасырдағы хан-батырдың тұлпарлары:

Бөгенбай батыр – Нарқызыл

Қабанбай батыр – Қубас

Абылай хан – Алшаңбоз бен Шалқасқа, Нарқызыл

Әбілхайыр хан – Ақбоз

Ер Жәнібек – Көкдөнен

Олжабай батыр – Телкөк

Райымбек батыр – Көкойнақ

Кенесары хан – Кертайлақ, Өтеуке-Шабдары, Ақтаңгер

Наурызбай (Кенесарының інісі) – Ақауыз, Қызылауыз

Исатай – Ақтабан

Махамбет – Тарлан, Кесікқұлақ

Ағыбай батыр – Ағлақ, Көкбесті

Жанқожа батыр – Мәстекқара, Көкешкі, Ақмоншақ

Балуан-Шолақ – Ақбоз

Оспан батыр – Қаракере мен Ақбоз

Ақан сері – Маңмаңгер, Құлагер, Үркеккер

Қ. Слямбек