Қазақ-татар тілдеріндегі өсімдік пен жануар атаулары

Қазақ-татар тілдеріндегі өсімдік пен жануар атаулары
Фото: pixabay.com

Қазақ, татар халықтары - түркі тектес халықтардың қыпшақ тобына жататын бұтағы. Бір-бірімен туыс, бір атадан тараған ұрпақтар. Орналасу аймағы мен тараған мекеніне қарай, өзіне тән ерекшелік пен сипат алып, бөлек-бөлек ұлтқа айналған. 

Туыстас халықтардың тілі де ұқсас. Әсіресе, лексикалық қабаты бір-біріне жақын келеді. Тіл білімінде көнеден белгілі бір лексикалық топтағы сөздердің басқа тілдермен ұқсас, ортақ болатын құбылысы бар. Сол сынды туыстас тілдер де лексикалық топтағы сөздердің ұқсастығы бірдей келеді. Мәселен, өсімдік пен жан-жануар атаулары лексиканың көне бірліктеріне жатады. 

Ал қазақ халқы мен татар халқының бұрынғы шаруашылық мәдениеті көшпенді өмір тікелей байланысты болғандықтан, жалпы танымдық белгілері де бірдей келеді. Мәселен, қазақ және татар тіліндегі жануарлардың атауын (зоонимдер) келесі кестеден көреміз. 

Қазақ тілі Татар тілі
Түйе Дөя
Жылқы Ат
Сиыр Сыер
Қой Тәкә
Ешкі Кәҗә
Құлан Кыргый ишәк
Есек Ишәк
Арқар Тау тәкәсе
Елік Кыр кәҗәсе
Бұғы Болан
Бұлан Поши
Ақбөкен Кыр кәҗәсе
Арыстан Сул
Аю Аю
Сілеусін Селәүсен
Барыс Барыс
Қасқыр, бөрі Бүре
Ит Эт
Түлкі Төлке
Борсық Бурсык
Мысық Мәче
Суыр Байбак
Доңыз Дуңгыз
Жылан Елан
Құндыз Кондыз
Аққу Аккош
Қаз Каз
Тауық Тавык
Бүркіт Бөркет
Піл Фил
Қарсақ Карсак

Көптеген атаудың дыбыстық қабаты бір-біріне ұқсас, тек сыңар дыбыстардың тарихи дамуы кезінде аздаған ауысымдар орын алған. Мәселен, "құндыз", "аққу" (аққұс), "бұлан", "бұғы" атаулары татар тілінде "кондыз", "аккош", "поши", "болан" ретінде берілген де, екі тілдегі ұ~о еріндік дауыстылары алмасқан. Сол тәрізді "доңыз", "борсық" атаулары татар тілінде "дуңыз", "бурсык" деп берілген, ал бұл жерде о~у еріндік дауыстыларының алмасқан. Ал "бүркіт", "түйе" атаулары татар тіліне "бүркіт", "дөя" деп берілген, соған сәйкес ү~ө дыбыстары алмасқан.

Одан өзге қазақ тілінде жеке атаулары бар жануарлардың татар тілінде жоқтығы байқалады. Мәселен, "ақбөкен" пен "елік" атауы татар тілінде тек "Кыр кәҗәсе" деп қана берілген. Ал кейбір атаулардың бір-біріне ұқсамайтынын, өзгеше атауларға ие болғанын байқауға болады: қой – тәкә, арқар – тау тәкәсе, арыстан – сул, суыр – байбак.

Қазақ тілі фитонимдерге немесе өсімдік атауларына бай тіл. Өткен ғасырдың 50-70 жылдары қазақ биологиясы ғылымы дами бастаған уақытта өсімдік атауларының барлығына жуығы орыс тіліне аталатын еді. Алайда қазақтың филолог ғалымдары мұның орнын толтыру үшін қазақ даласын аралап деректік мәліметтер іздей бастады. Әсіресе, өсімдік атауларының қазақшалануына С.Арыстанғалиев, Б.Қалиұлы есімді ғалымдар еңбегі етті. Б.Қалиұлы өсімдік атауларымен өзінің 45 жыл уақытын арнап оқулықтар мен сөздіктер жазды. Қазіргі таңда Б.Қалұлы жинақтаған 6 мың сөзден артық қазақша өсімдік атауларының орысша баламалары жинақталып "Өсімдік атауларының қазақша-орысша сөздігі", "Өсімдік атауларының түсіндірме сөздігі" атты сөздіктер құрастырылды.

Қазақ және татар тілдеріндегі фитонимдер (өсімдік атауы)

Қазақ тілі Татар тілі
Алқа Җиләге
Алхоры Күгән
Алма ағашы Алмагач
Алмұрт Армут
Алша Алыча
Анар Анар
Арпа Арпа
Арбыз (қарбыз) Карбыз
Арша Артыш
Асқабақ Кабак
Аюбадан Аю баланы
Аюбалдырған Шома көпшә
Бадам Бадәм агачы
Балқарағай Карагач
Бәйшешек Умырзая
Бидай Бодай
Бөрікгүл Артишок
Бөріқарақат Барбарис
Бұршақ Борчак
Бүлдірген Каен җиләге
Долана Дүләнә
Ермене Шәраб
Емен Имән
Жалбыз Имән
Жаңғақ Чикләвек
Жөке Юкә
Жуа Әрем
Жүзім Йөзем
Жыңғыл Тамариск
Зире Әнис
Итмұрын Гөлҗимеш
Қайың Каен
Қалақай Кычыткан
Қарағай Нарат
Қарағаш Туз
Қарақат Карлыган
Қауын Кавын
Қияр Кыяр
Қызғалдақ Кызалак
Қына Мүк
Қыша Әче
Мойыл Шомырт
Өрік Өрек
Пісте Пестә
Самырсын Ак чыршы
Сарғалдық Казаяк
Сәбіз Кишер
Сексеуіл Саксаул
Тал Тал
Тары Тары
Терек Тирәк
Тобылғы Тубылгы
Тұт Тут
Ұшқат Зелпе
Үйеңкі Өрәңге
Шаған Корычагач
Шай Чәй
Шетен Миләш

Бұл баламаларды қарастыру барысында өсімдік атауларының қазақ және татар тілдерінде тек көне формалары ғана ұқсас екенін байқауға болады. Демек, қазіргі күнде қолданылып жүрген сөздердің көнелігін анықтау үшін оның туыстас тілдердегі нұсқаларын қарастыру қажет.

Біз қарастырып отырған қазақ және татар тіліндегі өсімдік атауларының көп түрі бір-біріне фонетикалық формалары жағынан сәйкес келмейді. Алайда сәйкес келетіндерін де таба аламыз. Мәселен: анар – анар, арша –артыш, асқабақ – кабак, бидай – бодай, емен – имән, жөке – юкә, жүзім – өйзем, қауын – кавын, қарбыз – карбыз, өрік – өрек, тұт – тут, пісте – пестә, үйеңкі – өреңгә, қайың – каен, тал – тал, тары – тары, терек – тирәк, қыша – әче, қияр – кыр.

Бұлардың ішінде, әсіресе, ағаш атауларының ортақтығы бірден көзге түседі: арша – артыш, емен – имән, алма ағашы – алмагач, жөке – юкә, тал – тал, тары – тары, терек – тирәк, үйеңкі – өреңгә, пісте – пестә.

Бұдан өсімдік атаулары ішінде ең көнесі және түбірге ортағы - ағаш атаулары екенін байқаймыз. 

Түркі халықтары тарихи дамудың белгілі бір кезеңдерінде ортақ шаруашылық мәдениетті ұстанып, көшпенді өмір сүру салтын бастан кешкендіктен, өсімдік пен жан-жануар атауларының шығу төркіні - бір, бастауы - көне. Одан кейінгі рөл атқарған басты фактор - халықтардың орналасу аймағы мен географиялық ландшафтысы. Мәселен, субтропиктік аймақта орналасқан түркі, қырым татарлары халықтарында өсімдік атауларының да жергілікті жер таралған флорамен байланысты. Алайда кезінде шаруашылық маңызы бар мәдени өсімдіктердің (арпа, тары, бидай) әлі күнге дейін қолданыстық тәжірибесі болғандықтан, мұндай сөздер шаруашылық жоғалмайынша тілде өсір сүре береді.

Қ. Слямбек