Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер

Дене шынықтырып, спортпен айналысу керегін, тым болмағанда, жаяу жүріп серуендеп, бой мен арқа жазудың пайдалы екенін көбіміз білеміз. Бірақ оны қолға алуды құптамай жатамыз. Ендеше, ойға қуат, іске мотивация болсын деп дене тәрбиесі жайлы айтқан танымал тұлғалардың даналық, нақыл сөздерін ұсынып отырмыз. Олардың даналығына қарап тарихта аты қалуына дене тәрбиесі де әсер еткенін түсінуге болады.

Дене шынықтыратын жаттығуларымен шұғылдансаң, дәріге пысқырып та қарамайсың.

Әбу ибн Сина

Қозғалыстан қалған адамның денесі құрсап, күш-қуаты азаяды, тез арықтайды.

Әбу ибн Сина

Мәуітші шұғаны тазалағаны сынды гимнастика да адам ағзасын тазалайды.

Гиппократ

Гимнастика дегеніміз – емделу.

Платон

Мен қимыл-қозғалыс арқылы денемді тепе-теңдікке келтіргім келеді.

Сократ

Қанағатшылдық пен жаттығу қартайған шақтың өзінде де күш-қуатыңды сақтауға мүмкіндік береді.

Цицерон

Бүкіл денемді гимнастика арқылы тұрлаулы қалыпқа келтіргім келеді.

Сократ

Жаттығу арқылы жан тілегеннің бәрін жасауға болады.

Периандр

Қимыл – ас қорытуға, қан айналымының жақсаруына көмектеседі, аурудың алдын алады.

Хуа То

Жаяу жүрсем, ойымды жинақтап, жаңа идеяларға шабыт аламын. Ал тырп етпей отырғаным ойлаудан қалғаныммен бірдей. Денемнің қимылдағаны жөн, сонда ақыл да алғыр болады.

Ж.Руссо

Дене шынықтыру – қартаюмен күрес, оған қарсы тұрар қуатты құрал, былайша айтқанда, жасару құралы.

В.Ильин

Қимыл дегеніміз – өмір. Гимнастика мен таза ауада жұмыс істеу – денсаулық кепілі.

Жорди

Серуендесем, шомылсам, жасара түскенімді, дене қимылым арқылы миымды тынықтырып, сергігенімді сеземін.

К.Э.Циолковский

Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді, епті болмақ, ақыл-ойыңды, еркіңді осылай шыңдау қажет.

М.Горький

Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе.

Ғ.Мүсірепов

Гимнастика кісінің жастық шағын ұзартады.

Д.Локк

Спорт – біздің тынысымыз.

Р.Райт

Қаршадайымнан спортқа жақын болмасам, ғарышкер болмас едім.

Г.С.Титов

Қозғалыс кез келген дәрінің орнын баса алады.


Тиссо

Жаяу жүрем дегенше – ұзақ өмір сүрем де.
Жүгі ауыр болса да,
Жүрекке тәуір.

Орыс мақалы

Жаттығу жасаған адам медицинасыз-ақ емделе алады.

Д.Аддисон

Қазір жүгірмесең, ауырғанда жүгіруге тура келеді.

Гореций

Басыма құнды ойлар мен оны жеткізудің көркем тәсілдері жаяу жүрген кезде келеді.

Гете

Есте сақтау мен жүйке жүйесінің саулығын ойласаңыз, физикалық жаттығу жиі жасау қажет.

К.Д.Ушинский