Жануар, жәндіктің үнін аңғара біл

Жануар, жәндіктің үнін аңғара біл
Фото: ernur.kz

Айналамыз толған дыбыс. Еліктегіш сөздер. Мал да, жан да дыбыс шығарады. Олардың қалай дыбыс шығарып, қалай дауыстайтынын кейде аңғара бермейміз. Ендеше жан-жануардың дыбыстауына мән беріп қарайық. 

Түйе боздайды.

Бура күркілдейді, бұрқылдайды.

Жылқы, құлан кісінейді.

Айғыр арқырайды.

Сиыр, қодас, бұғы мөңірейді.

Бұқа күжілдейді, өкіреді.

Қой, ешкі маңырайды.

Қошқар мекіренеді.

Теке бақылдайды.

Есек ақырады.

Күшік шәуілдейді, қыңсылайды.

Ит үреді, арсылдайды, ырылдайды.

Доңыз қорсылдайды.

Арыстан ақырады.

Жолбарыс, піл күркірейді.

Аю өкіреді, ақырады.

Маймыл, қоян шыңғырады.

Қасқыр ұлиды.

Қорқау қорқылдайды.

Қарсақ шәңкілдейді.

Киік, арқар маңырайды.

Түлкі шәуілдейді.

Борсық, кірпі мырсыңдайды.

Мысық мияулайды, пырылдайды.

Тышқан, аламан шиқылдайды.

Жарқанат қиқылдайды.

Күзен, зорман шақылдайды.

Суыр, саршұнақ сақылдайды.

Бүркіт шаңқылдайды.

Сұңқар саңқылдайды.

Аққу сұңқылдайды.

Қаз саңқылдайды.

Үйрек барылдайды.

Сұқсұр, шүрегей пыр-пырлайды.

Құр, кептер құрылдайды.

Байғыз, үкі бақырады.

Сыбызғышы сыңсиды.

Безгелдек безілдейді.

Жапалақ барқылдайды.

Шағала шаңқылдайды.

Көкқұтан қиқулайды.

Тырна тыраулайды.

Қарға қарқылдайды.

Бөдене пырылдайды.

Торғай шырылдайды.

Қарлығаш шықылдайды.

Бұлбұл сайрайды.

Тоты сөйлейді.

Әупілдек әупілдейді.

Шіңкілдек шіңкілдейді.

Құрқылтай құрқылдайды.

Жылқышы шырқылдайды.

Күрке тауық күркілдейді.

Бытпылдақ бытпылдайды.

Көкек көкектейді.

Сауысқан шықылықтайды.

Тауық қыт-қыттайды.

Әтеш шақырады.

Шақшақай шақылдайды.

Тауқұдырет айғайлайды.

Тауыс қырқылдайды.

Әдебиет порталы

Қ. Слямбек