Білім туралы нақыл сөздер

Білім туралы нақыл сөздер
Фото: eltech.ru

«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздері бізге мұра болып қалды. Ендеше назарларыңызға білім туралы нақыл сөздерді ұсынамыз.

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ғабит Мүсірепов

Оқу – білім қазығы,

Адамның азығы.

Оқу өмірдің сәні,

Тіршіліктің шамы.

Сәкен Сейфуллин

Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу – өрлеу де болмас еді.

Әлкей Марғұлан

Білімдінің сөзі – ем,

Мейірімі көп, өзі кең!

Мағжан Жұмабаев

Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң,

Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң,

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Жүсіпбек Аймауытов

Күндіз-түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет... Ол үшін әрбір сағат өте қымбат.

Антон Павлович Чехов

Өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін... күндіз-түні бірдей еңбектену, өмір бойы оқу, жаттығу, қажырлы-қайратты болуым қажет... Мұнда әрбір сағат қымбат.

Антон Павлович Чехов

Оқу – ой азығы,

Жаттығу – тән азығы.

Джозеф Аддисон

Оқыту – тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.

Константин Дмитриевич Ушинский

Оқу – бұл әлі ештеңені мандытпайды, нені оқу керек және оқығанда көңілге қалай тоқу керек – ең үлкен, ең үлкен шаруа, міне, осында.

Константин Дмитриевич Ушинский

Білімнің қайнар көзі сарқылмайды, білім жолында адамзат қандайлық зор табыстарға ие болса да, адамдар ізденуден, ақиқатты ашудан және танып білуден еш айнымайды.

Иван Александрович Гончаров

... үрей атаулының бәрін білім жеңеді.

Виссарион Григорьевич Белинский

Адам неғұрлым идеялық жағынан білімді болса, ол соғұрлым өз ісінде табанды да мығым болмақ.

Петр Францевич  Лесгафт

Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, онан да көп оқу керек.

Дмитрий Иванович Писарев

Дайын сенімдерді ізгі таныстардан сұрап алуға да, кітап дүкенінен сатып алуға да болмайды. Бұларды өзіңнің ойлау процесің арқылы жинақтау керек.

Дмитрий Иванович Писарев

Адам табиғаттың төресі, әміршісі, падишасы болу үшін жаралған. Бірақ үстемдік құратын даналық оған туа бітпеген: ол ондай даналыққа білім арқылы жетеді.

Николай Иванович Лобачевский

Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді.

Максим Горький

Көп білем десең,

Аздан бастап үйрен.

Джон Локк

Мен өзім барлық салада өздігінен білім алу жасасын деп айтуға құқылымын деп білемін! Өзің құштарланып алған білім ғана баянды да бағалы. Білім атаулы өзіңіз ашқан жаңалық болуға тиіс.

Корней Иванович Чуковский

Даналық, тәжірибе, білім – ұзақ ғұмырдың сыйлайтын олжасы.

Галина Иосифовна Серебрякова

Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек.

Иоганн Вольфганг Гете

Адам білмегендіктен адаспайды,

Білгішсінем деп адасады.

Жан Жак Руссо

Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер.

Василий Александрович Сухомлинский

Оқып үйренбесең, өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді.

Демокрит

Әлі де болса белгісіз бірдеңелер қалып тұрғанда ұдайы оқып үйрену керек болмақ.

Луций Анней Сенека

Білім мен құдіреттілік – екеуі бір нәрсе.

Френсис Бэкон

Үйрене білуді үйренген кісіге игілік ұланғайыр.

Менандр

Білім алудың жолын таңдау – әр адамның дербес шешетін мәселесі.

Артур Владимирович Петровский

Ең негізгісі – ақырын үйрену. Клиникада да, педагогикада да мұны басты физиологиялық ереже деп есептеу керек. Әр кез күрделі істі бастағанда еш уақытта асықпа, белгілі тәртіппен жұмылып кірісу үшін уақыт бер.

Иван Петрович Павлов

Тек қаан есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана – білім.

Лев Николаевич Толстой

Білім берудің қай түрі болмасын – тәрбие.

Лев Николаевич Толстой

Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы.

Джон Тейлор

Талап қыл артық білуге,

Артық ғылым кітапта.

Ерінбей оқып көруге.

Абай Құнанбаев

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззәт іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

Білмегенді сұрап үйренген – ғалым, арланып сұрамаған – өзіне залым.

Әлішер Науаи

Ғылымды кісінің білімі де, күші де, білегі де күшті.

Жүсіпбек Аймауытов

Ғылым блімге қонады; ғылымсыз білім тым құрғақ.

Жүсіпбек Аймауытов

... адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.

Жүсіпбек Аймауытов

Оқысаң білім қорын білім асар,

Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.

Шәңгерей Бөкеев

Ғылымды көбінесе біліммен шатастырады. Бұл үлкен ағаттық. Ғылым дегеніміз білім ғана емес, сонымен бірге саналылық та, яғни сол алған білімді дұрыс қолдана білу.

Василий Осипович Ключевский

Н. Үсенова