Білім туралы нақыл сөздер

Білім туралы нақыл сөздер
Фото: ArchDaily

«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздері бізге мұра болып қалды. Ендеше назарларыңызға білім туралы нақыл сөздерді ұсынамыз.

Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым.

Әл-Фараби

Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет.

Әл-Фараби

Шын білім... әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

Әл-Фараби

... білгені, көргені көп адам білімді болады.

Абай Құнанбаев

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқалады.

Абай Құнанбаев

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенін біле бер...

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Үйренсе білім менен сан өмірін,

Білер еді-ау өнердің не берерін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жігіттер күн болды ойланарлық...

Асыл сол ақыл, білім бойда барлық.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Білім, нану, ұнату, ақыл ісі –

Қайтсе зиян, қайткенде пайдасы болмақ.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Білімді үйрену үшін еңбек құмар болып, денеңді жалқаулыққа билетпеуің креек.

Унсур аль-Маали Кайкабус

Білім – ақылдың ажар-көркі деп босқа айтылмаған.

Унсур аль-Маали Кайкабус

Білімдінің сөзімен бұзу оңай торды да,

Ақыл сөзді сіңірсең, жоғалмайтын сол мұра!

Махмуд Қашғари

Ұлым саған айтайын өсиетін дананың;

Білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым.

Махмуд Қашғари

Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.

Махмуд Қашғари

Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.

Махмуд Қашғари

Білім үйрен данадан, жалтаңдама басқаға,

Қызмет қыл, басыңды, өрлігіңді таста да.

Махмуд Қашғари

Білім, өнер бойдағы сауын болар түбінде.

Махмуд Қашғари

Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр,

Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр.

Махмуд Қашғари

Белгісі болса – жоолдан жаңылмас,

Білімі болса – сөзден жаңылмас.

Махмуд Қашғари

Білімдінің сөзін тыңда,

Айтқанын үйрен, іске асыр.

Махмуд Қашғари

Таудай білім насихаты – шипа ғой,

Жанды тербеп, көңіл-күйін шертетін.

Махмуд Қашғари

Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді.

Шоқан Уәлиханов

Халықтың кемеліне келіп өркендепөсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.

Шоқан Уәлиханов

Халық пен халықты, дам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

Мұхтар Әуезов

Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.

Мұхтар Әуезов

Білім бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ әлдекімнің азығы.

Мұхтар Әуезов

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек...

Жалғыз ғана оқуменен теңелмейсің,

Алты ауыз азғын болсаң қоян жүрек.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Білімің болсадағы ұшан-теңіз,

Пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей.

Шал ақын

Кім көпті біліп, көңіліне түйсе дәулеті артар, игілік оған жар болар, бейнеттен кетіп, зейнетке жетер.

Қадырғали Жалаири

Кім білімді көп біліп, көңілді тұрса, оның дәулеті артады.

Қадырғали Жалаири

Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу – ой мешеулігі.

Ғабиден Мұстафин

Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ.

Жүсіп Баласағұн

Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік.

Жүсіп Баласағұн

Барлық істің басшысы – білім мен ұғым.

Жүсіп Баласағұн

Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Жүсіп Баласағұн

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Жүсіп Баласағұн

Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,

Кісіден білім берген бәле қашар.

Жүсіп Баласағұн

Білім – адам баласының ортақ қазынасы.

Жүсіп Баласағұн

Білі – шамшырағы жұрттың күнде,

Жанып ап, жаңылдырмас жеті түнде.

Жүсіп Баласағұн

Білген адам білімді өмір бойы іздейді.

Ахмед Иүгінеки

Білікті – білім жинап кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып, өсіп өтер.

Ахмед Иүгінеки

Білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.

Ахмед Иүгінеки

Білім өшпес жүрекке жанған шырақ,

Ол – көк сауыт, құрыштай қару-жарақ.

Рудаки

... біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.

Қаныш Сәтбаев

Білгенге: білім – байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер-білім, өшпес мұра,

Таусылмас тау кенінің қордасындай.

Омар Шораяқұлы

Оқыса білім бұлағы,

Оқыса елдің ұланы, -

Тірілтіп, елге жан бітіп,

Елі үшін жұмақ қылады.

Бейімбет Майлин

Адамның біліміне ақыл серік,

Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.

Ақансері Қорамсаұлы

Білімнен қымбат нәрсе жоқ,

Көңілде жатса баспай тот...

Нұрпейіс Байғанин

Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді.

Әбдірахман Жәми

Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.

Ахмет Байтұрсынов

Жалғасы бар...

Н. Үсенова