Тіл, сөз туралы өзге халық мақалдары

Тіл, сөз туралы өзге халық мақалдары
Фото: LuxFon.com

Алда 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі келе жатыр. Мемлекеттік тілімізге құрмет ретінде сөз қадірін өз қадірінен де биік қойған халықтардың тіл туралы, сөз құдіреті жайында айтқан мақалдарын назарларыңызға ұсынамыз.

Тебірентер сөз темір қақпаны да ашады. (түрік)

Кәрінің сөзін қапқа сал,
Өлгеніңше ырзығың таусылмайды. (қырғыз)

Жақсы сөз тасты жібітер,
Жаман сөз басты шірітер. (қырғыз)

Бидай наның болмаса, Бидай сөзің жоқ па еді? (қарақалпақ)

Сөзің өлгенше, Өзің өл. (татар)

Білікті бір айтар, Бір айтса да нық айтар. (башқұрт)

Биікке келсе самғағың, Сөз – саты, соны аңдағын. (тәжік)

Кім сөйлейді – онда емес әңгіме,
Ең бастысы – айтқан сөзі мәнді ме?! (тәжік)

Келтірсе тамақтың тұз дәмін қалай,
Келтірер сөздің әзіл сәнін солай. (тәжік)

Өгіз мүйізінен тұтылар,
Адам сөзінен ұтылар. (әзірбайжан)

Жіп түйінсіз байланбас, Сөз шындықсыз бәйгі алмас. (тува)

Ауызбен ауыл көшірме, Тіліңмен отын отама. (тува)

Ана тілін білген кісі – бір кісі,
Екі адам де – екі тілдің білгіші. (осетин)

Адамның ақылы қысқарса,
Аузындағы сөзі ұзара береді. (осетин)

Ұнамсыз сөзді жаратпасаң, өзің де айтпа. (араб)

Сүйексіз тіл сүйекті де сындырар. (араб)

Сөздің тілінен істің тілі шешенірек. (араб)

Қымбат сөз қысқа қайырылар. (араб)

Тіл үйірер сөз болса, Тыңдаушы құлақ кез болар. (араб)

Тыңдамаған бір сөзді
Түсіне алмас мың сөзді. (араб)

Тәтті сөз қатты таяқты қақ бөлер. (араб)

Тіс те кейде тілді қыршиды. (индонезия)

Сөздің таяғына ойдың шалы сүрінер. (моңғол)

Қуатты сөз – дуалы, құс сияқты қанатты боп туады. (мадагаскар)

Тілмен байланған қолмен шешілмес. (француз)

Тіс қатты ғой, бірақ сынып кетеді,
Тіл жұп-жұмсақ ұзақ тірлік етеді. (жапон)

@. @assel_assanova