Сәттіліктің құпиясы: басқалар ұйықтап жатқанда жұмыс істеңіз

Сәттіліктің құпиясы: басқалар ұйықтап жатқанда жұмыс істеңіз
Фото: GetBg.net

Бұл сөздерді күн сайын әр таңда қайталап оқып жүріңіз. Пайдасы тиері хақ.

Күнінің 3-тен 2 бөлігін өзіне арнай алмайтын жан «құл» деп аталады. Фридрих Ницше

Жұмыстың 80%-ын қызметкерлердің 20%-ы ғана орындайтыны бұрыннан белгілі. Ал қалған жұмыс істемейтін 80% адам өздерін барлық істі тындырып жатқан 20%-ға кіреміз деп ойлайды. (авторы белгісіз)

Ақшаңыз көбеюі сіздің бақытыңызды еселей алмайды. Менде қазір 50 миллион бар, бірақ дәл 48 миллион болған кездегідей бақыттымын. Арнольд Шварценеггер

Қолымнан келе ме, келмей ме деп ойлауыңыз маңызды емес. Қандай ойда болсаңыз да, сіздІкі дұрыс. Генри Форд

Әрдайым ең қиын жолды таңдаңыз – бұл соқпақта қарсыластарды кедестірмейсіз. Шарль де Голль

Сабақ алу қымбат тұрады деп ойласаңыз, білімсіздіктің құны қанша екенін еске алыңыз. Роберт Кийосаки

Сіздің жалғыз мақсатыңыз – байлыққа жету болса, оған ешқашан жетпейсіз. Джон Дэвисон Рокфеллер

Күні бойына бар уақытын жұмысқа арнаған адам ешқашан табыс таппайды. Джон Дэвисон Рокфеллер

Жұмыс істеп жатқаныңды айтпа. Қанша тапқаныңды көрсет. Томас Роберт Дьюар

Өз ісінің нәтижесін дереу көргісі келген жан етікшіге барсын. Альберт Эйнштейн

Сәттіліктің құпиясы: басқалар ұйықтап жатқанда оқыңыз, басқалар ұйықтап жатқанда жұмыс істеңіз, өзгелер ойнап отырғанда дайындалыңыз, өзгелер армандап жүргенде сіз мақсат қойыңыз. Уильям А. Уард

Адамдар бай болғысы келмейді, олар жай ғана басқаларына қарағанда байырақ болғысы келеді.  Джон Стюарт Милль

Нарық тұрақты емес, өзіңізге ғана инвестиция жасаңыз. Михаил Барщевский

@. @assel_assanova