Қазақ ұғымындағы 3 саны

Қазақ ұғымындағы 3 саны
Фото: vk.com

Қазақ ұғымында 7 саны киелі. Мәселен, жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, т.б. айтуға болады. Осы секілді 3 санына да қазақ жайдан жай қарамаған. Бұл сөзімізге "ер кезегі үшке дейін", "үш арсыз, "үш жұрт" т.с.с дәлел бола алады. Осы орайда біз халқымыздың үш саны туралы ұғымы жөнінде айтып көрелік. Біле жүрейік!

Үш жұрт.

Жігіттің үш жұрты бар. Олар: 1) өз жұрты, 2) қайын жұрты, 3) нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл деп те мәтелдейді. Яғни, ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бөліп бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайын жұртың – қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең бітпес дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді, жаманшылығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор да жанашыр жұртың сол болады. 

Үш қуат

1) Ақыл қуат. 2) Жүрек қуат. 3) Тіл қуат. 

Үш ғайып

1) Ажал ғайып. 2) Қонақ ғайып. 3) Несібе ғайып. 

Үш арсыз - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкіарсыз. 

Үш даусыз

1) Ммінез. 2) Кәрілік. 3) Ажал. 

Үш кәдесіз

1) Жігіттік. 2) Денсаулық. Жақсы жар (әйел). 

Үш жамандық

1) Нақақ қан төгу. 2) Кісі малын нақақ алу. 3) Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. 

Үш жақын

1) Жан тәтті. 2) Мал тәтті. 3) Жар тәтті. 

Үш көз

1) Су анасы - бұлақ. 2) Жол анасы - тұяқ. 3) Сөз анасы - құлақ. 

Үш тоқтам

1) Ақыл - арқан 2)Ой - өріс. 3) Адам - қазық.

Ж. Жұмағұлов