Халқым үшін жан пида

Халқым үшін жан пида
Фото: fonstola.ru

«Халқым үшін жан пида!» деп ұрандаған Бауыржан Момышұлының ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ғұлама ойшылдарымыздан өнеге алып, өзімізді патриоттық рухта тәрбиелеу  әрбіріміздің міндетіміз. Алдағы Тәуелсіздік мерекесіне орай, ел, ұлт туралы қанатты сөздерге қанық болыңыздар.

Ел үшін еңбек етсең, халқыңа сүйкімді боласың.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы.

Мағжан Жұмабаев

Қазақ деген ел — бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. 

Ғабит Мүсірепов

Халықтық тәжірибе — бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына.

Бауыржан Момышұлы

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып, білім қуып, іс қылса — халықтық мақсат сонда орындалады. 

Әлихан Бөкейханов

Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары, қазақ жұмысына қолынан келгенінше қарап тұрмай кірісіп істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы!

Ахмет Байтұрсынұлы

Халық тәжірибесі — барша білімнің қайнар көзі.

Дінмұхамед Қонаев

Алыстан "Алаш" десе аттанамын,
Қазақты "Қазақ" десе мақтанамын,
Болған соң әкем — қазақ, шешем — қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

Міржақып Дулатов

Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайды.

Мұстафа Шоқай

 Халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз.

Жүсіпбек Аймауытов

Еліңнің тағдыры — өзіңнің тағдырың.

Мырзатай Жолдасбеков

Мен ағайынды екеумін: біреуі өзім, екіншісі — халқым.

Сырым Датұлы

А. Жапатова