Нәсіл, халық, ұлт және этнос

Нәсіл, халық, ұлт және этнос

Нәсіл, халық, ұлт және этнос ұғымдары бір-біріне ұқсас, тығыз байланысты болғанымен, арасындағы айырмашылық көп. Олардың шатастырып қолдана беру ағаттық әрі сауатсыздық.

Оның үстіне, Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, бұл ұғымдардың аражігін ажырата білгеніміз өзімізге жақсы.

Нәсіл

Нәсіл – адамзатты жіктеудің ең жоғарғы категориясы, шығу тегі ортақ, сыртқы физикалық белгілері бірдей адамдардың үлкен тобы. Нәсілдік белгілер ата-анадан балаға мұрагерлік жолмен беріліп отырады. Нәсілдің көзі, терісі, шашы, бассүйек формасы бір-біріне еш ұқсамайды. Ажырату оңай.

Қазіргі ғылым бойынша, дүниежүзі халқы үш ірі нәсілге бөлінеді. Олар – еуропеоид, монголоид және негроид.

Еуропеоидтардың терісі ақ, шашы тік немесе толқынды, жұмсақ, еріні жұқа, мұрны жіңішке әрі қыр мұрынды, маңдайы тік не жатыңқы, көздері көк не жасыл келеді. Еуропеоидтық нәсілдің отаны – Еуропа мен Кавказ болғанымен, көп уақыттан бері бұл нәсіл өкілдерін Солтүстік Африка, Ілгергі Азия, Солтүстік Үндістаннан кездестіруге болады. Еуропалықтар Американы ашқаннан кейін Америкаға, Аустралия мен Оңтүстік Африкаға қоныс аударды.

Монголоидтардың терісі қараторы, арасында аққұба, шаштары қара, қайратты, дөңгелек бетті, көздері қысыңқы, мұрындары жалпақ келеді. Олар Шығыс Азия, Индонезия, Орталық Азия, Сібір мен Американы мекендейді.

Негриодтарға негро-аустралоид немесе экваторлық нәсіл өкілдері жатады. Бұлардың түсі бөлек. Терісі қара, шоколод түстес, көздері қап-қара, шаштары бұйра әрі қара, мұрындары жалпақ келеді. Экваторлық нәсілге экватор мен Оңтүстік Африка, Аустралияға жақын аралдарда өмір сүреді.

Халық

Халық – тілі, мәдениет, өмір сүру аумағы, діні, тарихы ортақ адамдардың үлкен тобы. Халықтың маңызды белгілерінің бірі – тілі. Бірақ кейде бұл да басты шарт болмай қалады. Мәселен, әлемде бір тілде сөйлейтін әртүрлі халықтар бар. Шотлан, ирлан және валл халықтары түгелдей ағылшын тілінде сөйлейді. Бірақ олардың өзінің туған тілі, ана тілі бар. Оларды біріктіретін – осы ана тілі.

Халық дегеніміз – ұлт пен ұлыстардың уақыт өте келе бірігіп, тарихи жағынан қабаттасып, бітісіп кеткен бірлік. Мәселен, қазақ халқы ортағасырларда көптеген этникалық топтар мен ұлыстардың бірігуінен, сіңісуінен қалыптасқан. Қазақ халқының құрамында 92 ру бар деседі. Мұның бәрі көне замандарда бір-бір ұлыс пен этникалық бірлік болған топтар. Қазір олардың бәрі бірігіп, қазақ деген халықты құрап отыр.

Кейде халық сөзі этноәлеуметтік ұғым ретінде қолданылып, кең мағынаға ие болады. Мәселен, Қазақстан халқы, Қытай халқы, Ресей халқы деп айтып жатамыз. Бұл – саяси аренада қолданылатын, мемлекеттілікті білдіру үшін айтылатын атау.

Халық ұғымы – терең, тарихи ұғым. Қазақ халқы "халқым, елім" деген сөздерді ыстық көреді. Бұл сөз орыс тіліндегі "народ" түсінігімен мағыналас келгенімен, басқа тілден сәйкес сөзді табу қиындау. Ағылшын тіліндегі адамдар мағынасын беретін "people", испан тіліндегі "el pueblo", неміс тіліндегі "das Volk" сөздеріне жақын.

Ұлт

Ұлт – халық дамуындағы белгілі бір баспалдақ, кезең. Бұл кезде халық өзінің мемлекетін құрады. Мәселен, қазіргі француздарды халық деп те, ұлт деп те айтуға болады. Ұлт болатын себебі Францияда француз, бретон, корсика, эльзас-лотарингтер сынды этникалық қауымдар бар. Олар бұрында белгілі бір аймақтың, жердің иесі болғанымен, қазір олардың мемлекеті жоқ. Олар Франция деген елге бірігіп, француз халқы болып отыр. Бірақ араларында этникалық өзгешеліктер бар.

Этнос

Қарастырып отырған ұғымдардың арасындағы ең кішісі – бұл этнос. Тарихи ұғымға жатады. Ұлт қалыптасар алдында этностық қауым деңгейінен өтеді. Этноста мемлекет не мемлекетшілдік деген түсінік болмайды. Бұл – қауым, жанұя. Ұлт пен халықтағы сынды қабат болмайды. Қатаң, тағайындалған басшы болмайды, қоғамдық абырой-беделге ие, жасы үлкен адам бас болады. Тілі мен мәдениеті бар. Ұзақ жылдар, ғасырлар бойы сақтайды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Коронавирустан үй жағдайында емделу
Коронавирустан үй жағдайында емделу
БҒМ құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты
БҒМ құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты
Коронапика, коронафейк – ковид кезіндегі жаңа сөздер
Коронапика, коронафейк – ковид кезіндегі жаңа сөздер
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі