Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Фото: theNews.kz

Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кие. Тәуелсіздік - еңсенің биіктігі. Тәуелсіздік - әркімге қона бермейтін бағалы бақ... Бүгін -  ақ түйенің қарны жарылған ұлы тәуелсіздік мейрамы! 

Тәуелсіздік жолында қыршыннан қиылған боздақтарға қатпар тарих куә. Батырдың қанымен, арудың арымен келген еңселі егемендік кейінгі ұрпақ - бізге аманат!

Мұзда алауы жанған желтоқсан ызғарында ел намысын таптатпаған өршіл қазақтың бүгінде бағы бес елі. Елді ел ететін ұлттық құндылықтардың төрт көзі түгел. Еңсесі биік боз ордаға еңкеймей кірер күн туды!

Арда қазақтың аяулы мейрамы құтты болсын, ағайын! Артылған селкеусіз сенімді ақтау - біздің парыз.

Massaget.kz бұл күні 5 жасқа аяқ басса, Тәуелсіздігіміз 25 жасқа толып отыр. Мейрамды емін-еркін ақжарма қуанышпен тойлаудың өзі Егемендіктің арқасы. Massaget.kz ұжымы барша оқырманды ұлы мейраммен құттықтайды! Тәуелсіздік тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын! 

Ө. Сансызбай