Тәуелсіздікке 25 жыл: 2006-2007 жылдардағы тарихи шежіре

Тәуелсіздікке 25 жыл: 2006-2007 жылдардағы тарихи шежіре
Фото: Priznavashki.ru

Жаңашылдық пен жасампаздықты жаны сүйетін қазақ жұртын жыл сайын жаңа белестер күтіп тұрды. Жеңіс пен жетістігіміз таусылмай, толағай табыстарға кенелдік. Президентіміз қайта сайланғаннан кейін еліміздің даму үрдісінде көптеген өзгерістер орын алды.

6 қаңтар – Қазақстан Парламенті  палаталарының  бірлескен отырысында "Мемлекеттік рәміздер туралы" Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

11 қаңтар – "Ақорда" резиденциясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім өтті.

17 маусым – Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің екінші Саммиті болды.

15 қараша – төл теңгеміз жаңа басылыммен қайта жарыққа шықты.

1-15 қазан – "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша көптеген ескерткіш бой көтерді.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды.

16 желтоқсан – Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.

2007 жыл – "Қазақ тілін қолдау" жылы

13 ақпан – "Мәдени мұраның" жалғасы болу керектігі жөнінде мәлімдеме жасады.

21 мамыр –  "Білім туралы  Қазақстан Республикасының Заңына" өзгерістер енгізіліп, қайта бекітілді. Өзге де салаларға біршама толықтырулар енгізілді.

4 шілде – Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Нұр Отан Халықтық Демократиялық партиясының кезектен тыс ХІ сьезі өтті.

10-17 қазан – "Жасыл ел" бағдарламасы бекітілді.

2007 жыл – Президенттік басқару мерзімі 7 жылдан 5 жылға қысқартылды.

Ә. Жутаева