Еркін елдің жастары: үздік 5 спортшы

Еркін елдің жастары: үздік 5 спортшы
Фото: www.drive2.ru

Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай massaget.kz қазақ жастар порталы еліміздегі тәуелсіздік жылдарында дүниеге келіп, аз уақыт ішінде үлкен еңбектер атқарып, жетістікке жеткен жиырма бес жастың тізімін жасады. Оның ішінде 25 жасына дейін басшы атанғандар, спортшылар, әлем чемпиондары, өнер адамдары да бар. Сіздерге ұсынып отырған алғашқы бестік спорт саласында тек Қазақстандағы ғана емес әлемде топ жарып жүрген жастар. 

Өскелең ұрпақтың жетістігімен ел мақтанса, жастар білгені абзал. Олардың әрбір еңбекпен жеткен жеңісі әрбір жас үшін жігер беретін күш. 

Зарина Дияс – 1993 жылы 18 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстандағы кәсіпқой теннисші. ITF турнирлерінен бесеуінің дара санаттағы жеңімпазы. Спорттағы мансабын 2009 жылы бастады. Әлемнің үздік 30 теннисші қыздарының бірі. 

Сабина Алтынбекова – 1996 жылы 5 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақстанның волейболдан ұлттық құрамасының мүшесі (19 жасқа дейінгі). 2014 жылы Аз өткен 17 - жастар арасындағы Азия чемпионтанда ең сұлу ойыншы атанды. 
Денис Тен – 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Мұз айдынындағы қазақстандық мәнерлеп сырғанашуы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочиде өткен дода қола жүлдегер атанды. Әлемдік доданың күміс жүлдегері. Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері . Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері . 
Дмитрий Баландин – 1995 жылы 4 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстандық жүзгіш. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы. Азияның үш дүркін жеңімпазы. Қазақстандағы 50, 100, 200 метрге дейінгі қашықтықтағы жүзу түрінен рекорд орнатқан жас спортшы. 
Жансая Әбдімәлік – 2000 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ шахматшы қызы. Он төрт жасында гроссмейстер атанған. 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Өзінің жасына сәйкес қыздар арасында шахмат ойынынан әлемнің екі дүркін чемпионы. 

М. Ақан