Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мәңгілік ел / Тәуелсіздікке – 25 жыл / Тәуелсіздікке 25 жыл сценарий: "Тәуелсіздікке тағзым"

Тәуелсіздікке 25 жыл сценарий: "Тәуелсіздікке тағзым"

Тәуелсіздікке 25 жыл сценарий:

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мектеп оқушыларына арналған сценарий 

Сахна патриоттық үлгіде безендірілген. Түрлі түсқағаздар, шарлар ілінген. Ортаға екі жүргізуші шығады. 
1-жүргізуші: 
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
2-жүргізуші: 
Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тағзым» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! 

1-жүргізуші: 
Бабадан қалып жеткен көрегендік, 
Еркіндік жастығында өлең өрдік. 
Арқалап аманатын келіп жеткен, 
25 жыл! Құтты болсын егемендік! 
2-жүргізуші: 
Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын! 

1-жүргізуші: 
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. 

2- Жүргізуші: 
Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Атаң заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл! 

1-жүргізуші: 
Ендеше, қарсы алыңыздар! Сахнада өзінің тамаша әнімен _________________
2-жүргізуші: 
«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. 25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар! (2-4 минуттық слайд немесе бейне-ролик) 

1-жүргізуші: 
Керемет! 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. 
2- жүргізуші: 
Осы бір бейне-роликтен кейін рухтанып алсақ қайтеді?! 

1-жүргізуші: 
Бабалардан қалған мынау оң мұра, 
Отырайын ал тізеге қондыра. 
Қос ішегі сөйлесінші қазақтың, 
Шанағынан күй төгіле домбыра. 
Күй «______», орындайтын: ____________________ 
2-жүргізуші: 
Пай, пай, пай! 
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, 
Сарылып сал-сері кеткен жер. 
Бас иіп, иіскеп топырағын 
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің ақындарына берсек. Шабыттарына от тиіп, жалын түссін. 
(ақындар тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқиды) 

1-жүргізуші: 
Шабыттарыңыз шарықтай берсін, ақындар! Ал құрметті ұстаздар, оқушылар өлеңге сусындап алған болсаңыздар, ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер. 
(Ортаға шығып қыздар би билейді, билеп жүріп шашу шашады сол кезде жүргізуші сөйлейді.) 
2-жүргізуші: 
Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! 

1-жүргізуші: 
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Енді біз мықтыларды анықтаймыз. Жан-жақтарыңызда ілініп тұрған әрбір қабырға қағаздарындағы суретке баға беріңіздер. Суреттің мәні, салыну шеберлігін ұстаздар қауымы қадағалап баға берсе дейміз. Ең бастысы тәуелсіздікті бейнелейтін сурет болуы керек. 
2-жүргізуші: 
Сонымен, кім жеңімпаз. Ұстаздар қабырға газетін көрсетіп жеңімпазды анықтаса. Бәрекелді, ендеше бүгінгі жеңімпаз __________________________ (жеңімпаз сыныптың аты аталады және жеңімпазға сыйлықтарын табыстайды) 

1-жүргізуші: 
Ортада тағы да бір әсем ән болсын. Ән шашу.

2-жүргізуші: 
Құрметті мектеп ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де оқушылар. Бүгінгі «Тәулесіздікке тағзым» атты әдеби-сазды кешіміз мәресіне жетті. 
1-жүргізуші: 
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар! 

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Қосылған күні: 05 қазан 2016, 20:23
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.