Forbes: Ең бай рэперлер

Forbes: Ең бай рэперлер
Фото: forbes.com

19 қыркүйекте Forbes журналы әлемдегі ең бай рэп орындауышыларының рейтингін жариялады.

Тізімнің тұғырынан америкалық хип-хоп орындаушы Канье Уэст көрінді. Соңғы 1 жыл ішінде рэпер 150 милион доллар табыс тапқан. Каньеден кейінгі екінші орынға Jay-Z жайғасты. Ол соңғы 1 жыл ішінде 81 миллион пайда тапқан. Jay-Z ең бай рэперлер рейтингінде өткен жылы көш бастаған еді.

Үшінші орын әні челленджге айналып, әлемге есімі әйгілі болған Дрейкке бұйырыпты. Оның 1 жылда тапқан қаржысы – 75 миллион доллар. Бұдан кейінгі орындарға P.Diddy ($70 млн), Трэвис Скотт ($58 млн) жайғасты.

Үздік ондықтың тізімінде Эминем ($50 млн), Dj Khaled ($40 млн), Кендрик Ламар ($38,5 млн), Migos ($36 млн) және Дональд Гловер ($35 млн) сынды рэп орындаушылар бар.

А. Қажиев