Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Шаңырақ / Салт-дәстүр / Келіннің жанұядағы қызметі мен әдебі

Келіннің жанұядағы қызметі мен әдебі

Келіннің жанұядағы қызметі мен әдебі

«Баланы бастан, келінді жастан» демекші, қазақ халқы келіннің әдептілігіне көп көңіл бөледі. Келіні әдепсіз болса, ата-енесіне және қыздың әке-шешесіне сөз тиеді.

Сондықтан да жаңадан келін болып түскенде келінге арналған «Беташар» жырында тәлім-тәрбиелігі зор өлең шумақтары айтылады. Тойда жанашар бауырлары мен туған-туыстарының айтатын тілектері де келіннің әдепті болғанын қалайтын тілектер.

Әр елдің салты әртүрлі. Қазақ халқының салт-дәстүрінің тәлім-тәрбиесі зор, мағыналы. Келіннің әдепті сөйлейтін сөзі мен жанұядағы міндетін абысындары мен енесі жаңа түскен келінге үйретіп отырады. Жас келін бір үйдің берекесі кіргізіп болашақ ана болғандықтан ата-ене үйлі жайлы болып, бала-шағалы болуларына үлестерін қосады.

«Жақсы келін – қызыңдай, жақсы күйеу – ұлыңдай» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Келіннің де келін болып түсе сала өзіне артылған міндеттері бар. Таңертең ерте шай қою, дастарқан жайып шай беру, үй тазалағы, ауылды жерде ошақ басындағы қызметі, мал жайғастыруы, сиыр сауып, күбі пісу. Келін болып түскен күннің ертеңінде-ақ таңертеңгісін осы тірліктерге араласпас бұрын, ізеттілік көрсетіп, ата-енесіне тізе бүгіп, сәлем салады.

Сәлем салу дәстүрі – келіндердің ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен сәлемі. Осындай сәлемін басқа жанұя мүшелеріне салады. Қонаққа күйеу жігіттің туыстары келе қалса да келін иіліп сәлем салады. Шай дайындап, дастархан жаяды. Сәлемін алған адам келінге ризашылдығын білдіріп, рақметін айтады. Келін үлкендер алдында орамал тартып жүреді. Ол да үлкендерге көрсеткен сый құрметі.

Қыз күніндегі еркелігін келін болып түскенде тастағаны жөн. Дөрекі сөйлемейді, әдепсіз қимылдар жасамайды. Киген киімдері үлкендерге ұнамды болса, бұл да ата-енесі мен жолдасына деген сый құрметі. Олармен істейтін істерін ақылдасқан дұрыс. Көпшіліктің алдында болсын, жеке өздері қалғанда жанұясының басшысы жолдасын құрметтеп отыру бақытқа жеткізеді. Бірін-бірі бірінші болып кешіру, түсінікпен қарау, қиын сәттерде қол ұшын беру, сырласу бақытқа жеткізетін кеңестер болып табылады.

Ерін сыйлаған әйел елін де сыйлайды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: kznews.kz
Қосылған күні: 23 ақпан, 13:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.