Баласына көз жегізген әке білу керек

Баласына көз жегізген әке білу керек
Фото: elana.kz

Қазақ салтында, өздеріне қойдың басын тартқан ақсақалдар мен қой-ешкінің басын мұжыған үлкен кісілер балаларға игі мақсатпен құлақ, көз, таңдай, тіл береді.

Әдетте білікті, тəрбиелі үлкен кісілер бас мұжығанда «көреген болсын, əділ болсын» деген ниетпен, бастың екі көзін алып, өзі қалаған балалардың біріне: «Мə, балам! Көреген көсем бол, қара қылды қақ жарар əділ бол, халқыңа алаламай тең қара!» деп оған беріп жегізеді. Міне, бұл «көз жегізу» делінеді. Қазақ халқы екі көзді бір адамға береді. Екі көзді екі адамға берсе, алакөз болады немесе əділдіктен тайып, бұра тартады деп қарайды.

Көзді үлкендерден игі тілек тыңдап отырып жеген бала қырағы, сергек, көреген, халыққа тең мəміле жасайтын турашыл, əділ адам болып жетілуге тырысады. Сондай-ақ, өзіне жан-жақты талап қойып, халықтың үміт-тілегін ақтауға құлшынатын ізгі ниетті азамат болып есейеді.

elana.kz

М. Ақан