Дәстүр сөйлейді.

Дәстүр сөйлейді. "Өлтірі" мен "Той малы"

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін дәстүр сөйлейді.

Өлтірі (дәстүр). Екі жақ келісімі нығайған соң, күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп өлтірі кәделі мал жылқы жіберіледі. Өлтірі деген «Өлі мен тірі арасында адалмыз, Құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызды жол-жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. Өлтірі «өткен соң өлген күйеу жатпайды» деп бұдан кейін қалыңдығына ұрын баруына жол ашылады.

Той малы (дәстүр). «100 жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр-салты бойынша сән-салтанатымен, жөн-жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде-жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі – осы топқа арнайы әкелген «той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шай да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса, қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел, әрі семіз болуы қатты қадағаланады.

Сейіт Кенжахметұлының "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабынан.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?