Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Шаңырақ / Салт-дәстүр / Дәстүр сөйлейді. "Айтұяқ"

Дәстүр сөйлейді. "Айтұяқ"

Дәстүр сөйлейді.

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін дәстүр сөйлейді.

Айтұяқ (дәстүр). «Кене хан оның жолына «айтұяқ» айтып, аяғынан тік тұрады» (Ә. Қоңыратбаев). Қазақ халқының әр заманға, әр жағдайға, сол сияқты өмір жолында әдет-ғұрпына, тұрмысы мен мәдениетіне сәйкес лайықты, жарасты дәстүр, салттары өте көп. Соның бірі «айтұяқ» деп аталатын салт. Әдетте біреу қатты жараланса, өміріне қауіп төнсе немесе бір ауыр (қиын) жағдайға душар болса, әр адам өз басының амандығы үшін «ақсарбас» айтады. Бұл белгілі жай. Ал, бұрын адамдар қауіп-қатерлі ауыр, алыс сапарға (жолға) шығатын болса, мысалы отан қорғау жолында майданға аттанса, хажы сапарына немесе емдеуге бет алса, онда «айтұяқ» деп аталатын құдайы береді. Бұған жылқы сояды. Салттың «айтұяқ» деп аталуы да осыдан. Құдайы (айтұяқ) беруі ел-жұртқа күні бұрын хабар салып, шақыру жібереді. Сөйтіп жиналған көптің батасын алады. Өйткені, халықта «көп тілегі – көл» деген қағида бар. Бұрынғы жаугершілік заманда аталған салт әр ауылда жиі болған. Бұл салт қазір ұмытылып бара жатыр.  Ежелгі аңыз-әңгімелерде, ертегілерде, батырлар жырында «айтұяқ» сирек болса да айтылып қалады. Мысалы, осы салтты «Бекет батыр» жырында кездестіруге болады. демек, «айтұяқ» бұрынғы ата жолдарының үлкен бір көрінісі және құдай жолына деген зор сенімі екенін байқаймыз.

Сейіт Кенжахметұлының "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабынан.

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: kzkyzy.com
Қосылған күні: 05 тамыз 2015, 20:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.