Дәстүр сөйлейді.

Дәстүр сөйлейді. "Баталасу"

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін дәстүр сөйлейді.

Аталған салт – әр азаматтың, елдің, тектіліктің, сөзде тұру және келісімнің, бірліктің, беріктіктің үлкен жолы. Бұл жол құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызы үлкен шараларда жасалады. Сонымен бірге, баталасу хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында жасалып, қол алысып орындалатын ғұрып және ол ұзақ мерзімге, тіпті, мәңгілікке жалғасады. Баталасыпты деген сөз – ел ішінде маңызы өте зор іс. Арғын Аманжолдан Әлімбет, Бәйімбет, Шақшақ (атақты батыр Жәнібек тарханның атасы) туады. Шақшақ қайтыс болғанда (ХVІІІ ғасыр) оның жас әйел Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін, елдің басты адамдары жиналып: «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқайдар балалары бір ананаың баласы болғандықтан, қанша ата өссе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын»,  деп, қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ.

Баталасу – қасиетті ұғым. Оны бұзу – қазақ арасында өте жаман іс. «Бата бұзған» деген – қарғыспен тең, өте ауыр сөз.

Қажы бардым, сақалды басым мынау,
Бата бұзған не сұмдық, сен сөйтті деп.
(С. Торайғыров)

Сейіт Кенжахметұлының "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабынан.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

6 айдан асқан балаға қосымша тамақ рационы
6 айдан асқан балаға қосымша тамақ рационы
Күндіз алған жарақат түндегіге қарағанда тез жазылады
Күндіз алған жарақат түндегіге қарағанда тез жазылады
99.99 – cөредегі бағалардың сыры
99.99 – cөредегі бағалардың сыры
ER-BATYR. Ержан Есімханов бала тәрбиесі мен ер адамдардың достығы туралы айтады
ER-BATYR. Ержан Есімханов бала тәрбиесі мен ер адамдардың достығы туралы айтады
Безгек – ең көне індет
Безгек – ең көне індет
Қазақтың Жақсылығы
Қазақтың Жақсылығы