Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Шаңырақ / Модернизм дәуіріндегі қазақ киімі

Модернизм дәуіріндегі қазақ киімі

Модернизм дәуіріндегі қазақ киімі

Қазақтың кең даласы халқымыздың даму үдерісіне өзіндік үлесін молынан қосты. Соның бірі – киіну талғамына қатысты. Мол қаражатқа ие, қат тауарларға қол жеткізе алған дала элитасының өкілдері жаңа талғам стандарттарының пайда болуына ықпал етті. Ауқатты адамдар жаңа тұтыну өнімдеріне қол жеткізген сайын сол арқылы өздерінің әлеуметтік мәртебесін көрсетуге тырысты. Ал қол жеткізе алмағандар сол дала элитасының шығарған сән үлгісіне еліктеп бақты. Осылайша, күллі қазақ даласына жаңа өзгерістер лебі қонақтап, модернизм дәуірінің басталғанын аңғартты. 

Ауқатты адамдардың киімі алтын-күміс жіптермен тігіліп, інжу-­мар­жанмен көмкерілді. Тек жас мөлшерінің есепке алынатыны бол­маса, сәнді және күнделікті киім­дер үлгісінде қатаң бір шектеу бола қоймады. Сәнді киім басқа тауар­лардан еркін үлгісімен, көле­мі­мен, әшекейлерімен ерекше­ле­ніп тұратын. Тұрмыстық киім­дер қара­пайым матадан тігілсе, мерекелік киім­дер үшін барқыт, жібек, баршын, қым­бат тері қол­да­­нылды. ХVІІІ ғасыр­­дың екінші жартысында орыс пен қазақ ара­­сында сауда-саттық тұрақты өрбіп, ХІХ ғасырдың алғаш­қы онжылдығында шикізат импо­ртының көлемі күрт өсті. Ресей көбіне мақта мен матаны экс­порт­­тайтын. Ресейлік тауарлар біртіндеп Орталық Азия өнімдерін ығыстырды. Нәтижесінде, ХІХ ғ. орта шенінде қазақ­тар сатып алынған маталардан киім кие бастаған. Қазір суреттерде бей­­неленіп жүрген костюмдер тым жат­т­анды, біріне бірі ұқсайды. Эли­­та киген шекпен мен бас киім – сурет­шілердің қиялы. Ал қазақ костюмдерінің тарихы тым аз зерттелген.

ХVІІІ-ХХ ғасырдың құжаттық дерек­көздерімен танысқан тарих­шы­лар қазақ киімдері туралы өте қызықты ақпаратқа кез болады. Шапанның сан алуан түрлері, олар­дың стилі, түстері, сән эле­мент­­тері мен ою-өрнегі таң қалдыр­ған. Қазақ ақсүйектерінің киімдері әр­түр­лі стильдер мен үлгі­лердің жиын­тығымен ерек­ше­ленді. Қазақ ою-өр­нектерінің бай және алуан түрлі болғанын Ресей Этнографиялық музейіндегі жәдігерлерден де байқаймыз.
Түс – киімнің образында үлкен рөл ойнады. Билеуші элита өкіл­дерінің сәнді киімі болып санал­ған шапандар, көбінесе қызыл, алқызыл, қоңыр қызғылт, қызылкүрең реңкті барқыт немесе қырмызы маталардан тігілді. Бірақ ХVІІІ ғасырдың соңына таман бұл киім түрін күрделі фасонды және әр түсті қамқа киім­дер ығыс­­тыра бастады. Бірқатар жаз­ба­ша дереккөздерде сәнқой және талғаммен киінуді білетін Жәңгір хан туралы баяндалған. Замандастары оны меруерт тасты жасыл, күлгін, алқызыл түсті шапанда, біресе қамзолда, енді бірде орыс әскері офицерінің форма­сында суреттейді. Сонымен қатар қазақ сұлтандары мен қожалары ашық, түрлі-түсті жібек және басқа маталардан тігіл­ген ортағасырлық шекпендер киді. Сондай-ақ қару-жараққа да қатыс­ты сән болған: бір қылыш гауһар тастар­мен безендірілсе, енді бірі алтынмен, күміспен қапталып, бір-бірінен ерекшеленетін.

Қазақ билеушілері киімнің сәні мен таңбалық элементтеріне аса мән бергенін Нұралы, Ералы және Абылай хандардың патша өкіметімен жазысқан хаттарынан да көруге болады. Хандар бас киімнің жиегіне арналған терінің сапасы төмен немесе реңі дұрыс емес деп орынборлық шенеу­ніктерді бірнеше мәрте айыптаған немесе патшалық шенеунік осы заттардың егжей-тегжейін білмегендіктен, олардың хандық абыройын есепке алмай, қара түлкі терісінің орнына сары немесе ақ түлкі терісін жібергенде, олар қорланатын болған.

Киімнен басқа үлкен семанти­ка­­лық жүкті қазақтардың зер­гер­­лік әшекейлері алып келді. Ғылы­ми және ғылыми-көп­ші­лік баспа өнімдерін безендіру барысында және де қазіргі декоратив қолданбалы өнерде, кілем өнім­дерінде бір ғана ою-өрнек қолданылып жатыр. Сонымен бірге, дала билеушілерінің зергер­лік әшекейлері мен мөр таңбалары ою-өрнектердің әлдеқайда мол болғанын көрсетеді. Бірақ оларды біздің сурет­ші­лер мен декоратор-шеберлер аз зерттеген. Басқа елдер­мен белсен­ді тауар алмасу нәтижесінде қазақ дала­сына импорттық бұйымдар кіре бас­тады, бірақ оған дала қоғамы­ның элитасы ғана қол жеткізе алды.

ХІХ ғасырдың ортасынан көй­лек­тер негізінен ресейлік ала шыт­тан, қытайлық және басқа да фа­б­ри­калық қағаз маталардан тігіле бастады, сонымен қоса ақ маталар да қолданылды; ал бір түстес мата­лар көйлек тігуде өте сирек пайда­ла­ныл­ды. Сырттан әкелінген маталарды көбінесе ақсүйектер тұтынды. Қазақ­тардың негізгі бөлігі былғары, тері, үйдегі жүннен жасалған бұйымдарды қолданды. Бай әйелдер көйлектерін жібек­тен, атластан, барқыттан, зерлі маталардан тікті; олар ерекше үлгімен ерекшеленген жоқ. Оны күнделікті көйлек үстінен немесе ішіндегі көйлек сыртынан киді. Жас келіншектер мен қыздар өз көйлектерінің кеуде тұсын, етегі мен жеңін кестелеуді және жап­сыр­малармен әшекейлеуді сәнге айнал­дыр­ды. Алдыңғы жағадан етегіне дейін тұтас сызықпен шек­пен­ді әшекейленгендей жапсыра тігу сирек кездесетін. Кестеленген желбіршегі және әшекейлері бар көйлектерде әшекей бұйымдар көйлектің ашық жерлері мен тігістерін жауып тұратын. Бай әйелдер сәндік шапандарды қым­бат матадан тігіп, кейде оны оқа­мен, кестемен және терімен әше­­кейлеген. Бірақ ХХ ғасырдың орта­сында сәнді киім ретінде ұзын жеңді қамзолдар саналды. Сәнді, қымбат әшекейленген шапандар үйлену киімі ретінде де сақталып отырды.

Қазақ қыздарының жылы киім­­­дері ер киімдеріне ұқсайды. Қыз­дар­дың жеке қысқы киімдері тек бай отбасыларда болған, бірақ тонды қыз жасауының негізгі киімі ретінде беретін. Әйелдердің тонын көбінесе түлкі терісінен жасады. Кейде ел­тірі, ешкінің терісінен тігетін. Бай­лар тондарын кәмшат терісінен немесе басқа да бағалы мамықты аң терілерінен тікті. Астарлауға ашық түсті қымбат мата (жібек, бар­қыт) көбі­­несе атлас және басқа да қағаз маталарды қолданды. Тонның ішкі шеттері мата кесіндісімен тігі­ліп, сырты түлкі немесе кәм­шат терісімен көмкерілді. Кейде тонды барқыт немесе оқалы жолақтармен әшекейледі.

Қазақ қыздарының киіміндегі бір ерекше дүние – алдыңғы жағы тігілмеген белдемше (юбка) тәріз­ді қаусырма киім. Бай әйел­дер белдем­шені барқыттан немесе жібек­тен тігіп, оқа және кәмшат терісі­мен көмкеретін. Белдікті барқыт­тан, қамқадан, шұғадан жаса­ды: олардың пішіні мен әшекейлері былғарыдан кем болған жоқ. Олар қатты негізге (киіз, былғары, тігісті мата) тігілді және кейде төменгі жиегі маржан­дармен, ұсақ моншақ­тар­мен безендірілді, кейде мыс немесе күміс оюлармен, тастармен сәндел­ді. Кейбір бай қыздар сән қуып, зергерлер жаса­ған оюлы күміс бел­дік­­терге құмар болды. Сондай-ақ Солтүс­тік-Батыс Қазақстанның бай қыздары (Бөкей ордасы, Кіші жүз) ашық түсті барқыттан тігіліп, алтынмен зерленген ерекше тақия киді. Қазақстанның оңтүстігінде тұрмы­сы жақсы қазақтар өз қыздары­на көбінесе өзбекше жасалған, ал сол­түс­тік пен батысында татар нақышта жасалған тақиялар сатып алатын болған. Бай қыздар мен келіншектер әшекейленген аяқ киімдерге әуес еді. Сәнді етіктер мен кебістерді жасыл және қызыл былғарыдан, сафьяннан, ал ХХ ғасырда фабрикалық лакталған былғарыдан тікті.

Ерлер киімі екі түрлі көйлек­тен, ішкі және сыртқы шалбардан, жеңіл сырт киімнен, әртүрлі маталардан тігілген жіңішке және кең арқалы шекпеннен тұрды. Былғары және мата белдеу костюмнің міндетті бөлшегі саналды. Бай адамдар өздері­нің байлығын көрсету үшін, тіпті жылы ауа райында бірнеше шапан ауыстырып киетін болған. Тысталған тонды (ішік) өте бай адамдар киген. Олар бағалы аң терілерінен тігілді. Ішікті шұға, барқыт, жылтыр атлас­пен қаптаған. Қайырмалы үлкен кең жағаға мамық жүнді аңның терісін пайдаланған.
Бай адамдар барқытпен қап­тал­­ған, кестеленген, күміс жиынтықты, түрлі түсті тастармен көмкерілген жалпақ белдіктер тағынды. Танымал адамдарға қал­пақ­­ты арнайы жібек және алтын жіппен кестелеп, ши барқыттан тіккен.
ХІХ ғасырдың басында биік өкшелі қайқы тұмсықты аяқкиім атқа мінгенде ыңғайлы болды. ХІХ ғасыр­дың ортасынан бастап ресейлік фабрикалар өндірген былғары етіктер кеңінен қолданы­ла бастады.

Қорыта келгенде, қазақ дала­сын­­да, қазақ қоғамының барлық салаларында, оның ішінде сәндік және қолданбалы өнерде үнемі өзге­ріс­тер болып отырған. Ұлттық киім үлгісі киім иесінің әлеуметтік көр­сет­кіші болды және иесі тура­лы белгілі бір ақпарат беріп, оның қоғамдағы алатын орнын айшықтады. Сирек және қымбат өнімдері бар адамдар қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін көр­сетті, сол арқылы қоғамның бел­гі­лі бір шеңберде өз орнын атап өтуге тырысты. Біздің жағдайда бұл мақала П.Бордьенің теориясын дә­лел­­дейді яғни, әр адам киім-кешек арқылы өзі туралы әртүрлі ақ­парат бере алады.

Б.Нұрғожина
aikyn.kz

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: aikyn.kz
Қосылған күні: 16 маусым 2018, 15:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.