Баланы балабақшаға кезекке қою

Баланы балабақшаға кезекке қою
Фото: Turkystan.kz

Қызметті онлайн алу

1. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту

2. Өтінімді толтыру және жіберу  (ЭЦҚ  талап етіледі). Аймақты таңдау, ЖСН немесе тегін, атын және баланың туған күнін, байланыс деректерін енгізу.

3. Жеке кабинетте  («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген хабарламамен танысу. Кезекті әрі қарай қадағалау үшін  "Балабақшаға кезек нөмірін қарау" қызметін пайдалануға болады.

4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" тарауында) МДБМ жолдаманы келісу туралы хабарламамен танысыңыз. Қажеттілігі болғанда пайдаланушының байланыс деректерін өзектілендіру. МДБМ жолдаманы келісу (Келісу/Бас тарту).

Жеке кабинетте жолдамамен келіскен жағдайда («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) МДБМ-не жолдамамен танысу.

Ескерту: Қоса берілетін құжаттардың барынша көп рұқсат етілетін көлемі  - 1 МБ аспауы тиіс.

*Онлайн-қызмет 2007 жылдың 13 тамыздан кейін ҚР туған бала ғана ала алады.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар)

1. Өтініш.
2. Сәйкестендіру үшін баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме).
3. Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекті орындау алу құқығын растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме).
4. Жеке куәлік (ата-аналардың бірінің немесе заңды өкілдерінің).
5. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда).
6. Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).

Баланы балабақша кезегіне қою

Қызмет көрсету нәтижесі

Кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе орын болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымыға жолдама беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту.

egov.kz

@. @assel_assanova