Үйіміз бен өмірімізді артық заттан тазартатын кез келді

Үйіміз бен өмірімізді артық заттан тазартатын кез келді
Фото: avdeevstyle.com

Күн сайын мыңдаған ақпарат қабылдаймыз. Жарнама бізді қызықтырып, артық зат сатып алуға мәжбүрлейді. Басымыздың артық ақпаратқа толатыны соншалық, біз тек еңбек демалысына шығуды армандап, әлдебір таңғажайыпты күтеміз. Арманымыз – жайлы үйде, теңіз жағасында уайым-қайғысыз демалу. Арман орындалуы тиіс. Сондықтан арманның жүзеге асуы үшін бар күшімізді салып көрейік. 

Алдымен бойыңызды, ойыңызды жаман нәрседен тазартыңыз. Жақсы нәрсе ойлаңыз. Үйіңізді, өзіңіз жататын бөлмені ретке келтіріңіз. Бұл орайда сізге КонМари әдісі көмекке келеді. Үйді ретке келтірудің әдісі мынадай – үйдің ішінде сізге рахат әкелетін заттарды ғана сақтау керек. Алдымен шеті сынған шыныларды, ескі-құсқы киімдер мен сарғайып кеткен газеттерді лақтырыңыз. Өз киімдеріңізді реттеңіз. Шкаф толып тұрса да, киетін дұрыс киім жоқ болса, ондай киім-кешекті жағдайы төмен отбасыларға сыйлап жіберіңіз. Өйткені сіз бәрібір ол киімді кимейсіз, ал ескі киім жаман энергияны бойына сақтап тұра береді. Шкафты тазартып, тек киетін киімдеріңізді алып қалыңыз.  

М. Оңғарова