Баланы айғайсыз тәрбиелеудің 3 тәсілі

Баланы айғайсыз тәрбиелеудің 3 тәсілі
Фото: instagram.com

Ата-ана болу оңай емес. Ауыр жұмыс күнінен кейін үйге әрең жетіп, демалғымыз келеді. Бірақ балалар алдындағы әкелік, аналық парызды қалай ұмытамыз? Ата-ана атану да бір жұмыс, жауапкершілігі жоғары еңбек. Бірақ кейде ата-аналар баласын айғайлап, ұрып тәрбиелеп жатады. Бұл, әлбетте, дұрыс емес. Баланы айғайсыз тәрбиелеу үшін мына 3 тәсілді ұстанып көріңіз: 

1. Сіздің ашуыңызды шақыратын не нәрсе екенін анықтаңыз. Егер сіз қатты музыканы немесе балаңыздың үштік алғанын ұнатпасаңыз, алдын ала осындай жағдайларға өзіңізді тәрбиелеңіз. Сонда бұндай жағдай қайталанған кезде жүйкеңізге салмақ салып айғайламайтын боласыз. 

2. Баладан көп нәрсе күтпеңіз. "Сонша ақша төлеп би үйірмесіне жазып едім, еш нәтиже жоқ" деп налып, бәріне баланы кінәламаңыз. Біріншіден, бұл – сіздің кінәңіз, баладан осыған қызығушылығы бар ма, жоқ па, сұрауыңыз керек еді. Екіншіден, бала неге қызықса, содан ештеңе аямаңыз. Баланың арманына балта шаппаңыз. 

3. Онға дейін санаңыз. Сіз де бала болдыңыз. Баланың энергиясы орасан. Кейде айтқаныңа бағынбай кетеді. Өзіңізді сабырға шақыру үшін онға дейін санаңыз. 

М. Оңғарова