Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Рухани жаңғыру / Киелі жерлер географиясы. Алматы облысындағы қасиетті нысандар

Киелі жерлер географиясы. Алматы облысындағы қасиетті нысандар

Киелі жерлер географиясы. Алматы облысындағы қасиетті нысандар

"Рухани жаңғыру" бағдарламасындағы "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы бөлімі елдегі туристік орындар мен рухани нысандардың жүйеленуіне ықпал етті. Назарыңызға Алматы облысындағы Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар қатарына енген Алматыдағы 17 макрообъектіні ұсынамыз.

Хан тәңірі тауы

Image result for Хан тәңірі тауы©mytabigat.kz

"Хан-Тәңірі" шыңы Қазақстан Республикасының Қырғызстанмен және Қытаймен шекарадағы ең жоғарғы нүкте. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге жуық, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км.

Бұл жерде негізінен биік тау туризмі дамыған. "Хан-Тәңірі" шыңы әлемдегі бірден-бір солтүстік жетімыңдық болып саналады, сондықтан, оның шыңына шығу туризмнің айрықша қауіпті түріне жататанына қарамастан туристерді көптен-көп қызықтырады. Ол, үшкір төртқырлы пирамида түріндегі, әлемнің аса әсем шыңдарының бірі.

Шарын каньоны

Image result for шарын шатқалы©charyn.kz

Жартасты табиғи өңір; палеоген дәуірінен келе жатқан бірден-бір табиғат ескерткіші. Каньон оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Шарын өзінің бойымен 154 км-ге созылған. Жартастарының биіктігі 150 – 300 м-ге дейін жетеді. Шарын өзенінің аңғарында Шаған тоғайы сақталған. Мұндай тоғай дүние жүзінде АҚШ-тағы Колорадо штатындағы Үлкен каньон мен осы Шарын каньонында ғана кездеседі.

Есік-сақ қорғаны

Есік обасы (б.з.б.5-4 ғ-лар) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ оба бар. Алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен енді. Есік обалары сақ кезеңінің әлеуметтік-экономикалық деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады.

Таңбалы (Тамғалы) археологиялық кешені

Image result for Таңбалы (Тамғалы) археологиялық кешені©baq.kz

Таңбалы археологиялық кешені 9 км 2 алаңға шоғырланған қоныстар, қорымдар, құрбандық орындары және жартас суреттері (петроглифтер) сияқты әр тарихи дәуірдің 100-ге тарта ескерткіштерін құрайды. Бұл жерлерде қола дәуірінің, ерте темір дәуірінің және кейінгі жүздеген жылдардың адамдары жерленген. Ескерткіштің негізгі бөлігін ежелгі және ортағасырлық көшпелілер обалары құрайды. Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне 2004 жылы енді.

"Жаркент мешіті" сәулет- көркемөнер мұражай кешені

«Жаркент мешіті» кешені – ХІХ ғ. Сәулет өнері ескерткіші. Тянь Шань шыршасынан дайындалған. Арқалығы ағашқа түсірген әсем оймышпен нақышталған.Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инженер–Хон Пиктің басшылығымен жүргізілді. Тапсырыс беруші Вали Ахун Юлдашев. Кешеннің ең басты нысанының маңыздысы, мешіт ғимараты болып табылады. Мешіт сол уақыттың ең түп нұсқалы әдісімен салынды. Құрылыс кезінде не шегелер, не тұтқалар (скобы) қолданылмады. Кешеннің құрамына кіретіндер: мешіт ғимараты, басты кіру – порталы, медресе, дұға оқитын үй, қақпа – қоршаулар.

Қойлық қалашығы. VІІІ-ХІҮ ғасыр

Image result for Қойлық қалашығы©e-history.kz

Іле жазығының ең ірі қалажұрты. Қалашық X және XIII ғ. басындағы деректерде қарлық жабғуларының астанасы (ХI-ХII ғ.) кейін Шағатайлықтардың (ХIII-ХIV ғ.) аса ірі саяси-мәдени экономикалық орталығы болғандығы ретінде белгілі. Сондай-ақ саяхатшылардын қолжазбалары мен археологиялық табылған заттардан - VIII-XIV ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің нысандары-христиан шіркеуі, буддамен манихей храмдарынан көре аламыз. Орта ғасырларда Қойлық қалашығы Жетісудың аса ірі-сауда-қолөнер және мәдениет орталығы болды.

Ш.Уәлихановтың мемориалдық кешені

Ш.Уәлихановтың мемориалдық кешені 1985 жылы Алтынемел баурайында ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылды.Мемориалдық кешен ғалымның бейітінеқойылған құлпытастан, ескерткіштен, музейден, қонақүйден және хауызды алаңнан тұрады. Ансамбольдің басты ғимараты-Ш.Уәлихановтың ғылыми-шығармашылық мұрасын бейнелейтін музей үйі. Музей үйінің сыртқы пішіні қазақ халқының мемориалды архитектурасының дәстүрінен («төрт құлақ») туындаса, ішкі кеңістігі киіз үйді, жолаушының шатырын елестетеді. Ш.Уәлихановтың мемориалдық кешенінің жобасы 1987 жылы Софияда өткен «Интерарх» халықаралық байқауында 2 орын алып, күміс медальға ие болды.

Орбұлақ шайқасы болған жер

Орбұлақ шайқасы-қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтеді. Жәңгір жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанады. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында осы 600 қазақ сарбазы 50 мың жоңғар қолын тас-талқан етіп жеңеді.

Аңырақай шайқасына қойылған белгі

Аңырақай шайқасы – қазақ-жоңғар соғысындағы ең ірі және шешуші шайқастардың бірі. Бұл – қазақ жерінің тұтастығын сақтап, қалауға негіз болған шайқас. 1723 жылы қазақ елі сұрапыл апат – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» трагедиясына ұшырайды. Ол әлеументтік алауыздық пен бытыраңқылықтың зардабы болды. Көп ұзамай, 1726 жылы Арқа беттегі Бұланты өзенінің бойында басқыншыларға бірлесе тойтарыс берді. Осы шайқасты жоңғарларды ойсырата жеңген қазақтың мерейі үстем болды. Жеңіс қазақ халқының рухын көтерді. Қазақ жерін тұтас басып алуды көздеген жоңғарлардың алғаш беті қайтты. Осыдан кейін-ақ жоңғарлар әлсірей бастады, ақырында Цин империясының жемтігіне айналған жоңғар мемлекеті осылайша мүлдем құрыды. Бұл жеңіс қазақ халқының еңсесін көтеріп, азаттық күресте жігерлендірді. Қазақ халқының бүкіл Орта Азияда үлкен күш екендігін көрсетті.

Ж.Жабаев кесенесі

Жамбыл Жабаев (28.02.1846, Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде - 22.06.1945, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында) - ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты руының Екей тармағынан шыққан. Кесене 1970 және 1996 ж. қайта жөнделіп, ақ мәрмәрмен қапталған.Кесененің дәл ортасына ұлы жыршыға құлпытас қойылған. Ақын денесі осында жерленген. Кесененің дәл іргесінде, сол жақ босағасына ақынның киесі — қызыл шұбар жолбарыс мүсіні орнатылған (1996). Кесене Ж.Жабаев мұражайының бағында орналасқан.

Наурызбай батыр кесенесі

Наурызбай батыр Құтпанбетұлы (1706-1781) Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылының маңында дүниеге келген. Ұлы жүз шапырашты тайпасының Төлеміс руынан тараған, жоңғарларға қарсы күрескен батыр. Ел ішінде ғылыми әдебиеттерде шапырашты Наурызбай деген атпен белгілі. Кесене 2006 жылы Наурызбай батырдың 300 жылдығы құрметіне кәсіпкер ұрпақтарының демеушілігімен орнатылған.

Қапал батыр кесенесі

Қапал батыр (1513-1606). Шежіре бойынша ұлы жүз Дулаттың Жанысынан Жанту, Жантан, Жарылқамыс, Бөгежіл, Қапал, Шегір, Оймауыт атты жеті ұл туады. Әкесі Жаныс бабамыз 1452 жылы туылған деген мәліметке қарағанда Қапал батыр ХІ ғасырдың аяғы мен ХҮІ ғасырдың басында өмір сүрген. Қапал батыр мен Есім ханның басшылығымен Жетісу аймағын басқыншы қарақытайлардан азат етіп, халқына тыныштық өмір орнатады. Ол Тәуекел ханның тұсында да Сыр бойын шапқыншылардан босатып, бейбіт өмір орнатуға үлес қосқан. Кесене Қапал батырдың жерленген бейітінің үстінен салынған.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісінің ірі ошағы Қарқара көтерлісі болған жерге қойылған Ереуіл төбе ескерткіші

ХХ ғасырдың бас кезінде халқымыз бостандық жолындағы ұлт-азаттық көтерілістердің бірі – Жетісу аймағындағы Қарқара көтерілісі болатын. Қарқара аймағындағы қанды-қырғын қарапайым халықты, қарттарды, балаларды, әйелдерді қырып жойды, жергілікті халықты тонады. Бұл күреске кедейленген орыс, қазақ, қырғыз, ұйғыр топтары бірігіп қатысты. Бұл тарихи оқиға ке­дей­лердің, жұмысшы мен шаруаның саяси ұлттық санасын оятты.

Көтеріліс жеңіліске ұшырағанына қарамастан, қазақ халқының азаттық қозғалысындағы тарихи маңызы зор болды.Қарқара көтерілісі барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылып, ұлт-азаттық төңкеріске ұласты. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы және зардаптары жағынан алғанда бұл көтеріліс патшалық Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күрестің шырқау кезеңі болды.

Малайсары Тоқтауылұлы Басентин кесенесі

Малайсары стансасында Малайсары батыр XVIII ғасырдың басында жоңғар шапқыншылығына ұшырап, елімізді қорғау жолында мыңбасы болып, ата жаумен айқасқан халқымыздың ержүрек батырларының бірі.

Мыңбасы болып, Жаңақорған, Шымкент қалаларын азат ету ұрыстарында жан аямай шайқасып, өз есімін ерен ерлігімен ел есінде қалдырды. Малайсары Арқа бойынан жауды қуып, ел-жұртынан жырақта, Жетісу жерінде, Алтынемел баурайында шайқаста алған жарадан қайтыс болған. Ал Жетісулық бабаларымыз елі мен жерін қорғаған батырын ұмытпай, өзі қайтыс болған Алтынемелден шамамен 60-70 шақырым жердегі тауды Малайсары тауы деп атаған. Малайсары батырдың шыққан тегі орта жүз арғын елінің ішінде Бәсентиін руы болады. Малайсары батыр Малайсары стансасынан батысқа қарай 3 шақырым жердегі Қызылсораң деген биіктеу жерге жерленген.

Көлсай көлі

Image result for Көлсай көлі

©e-history.kz

«Солтүстік Тян-Шань маржандары» атанған Күнгей Алатау жотасында көрікті Көлсай көлдері орналасқан. Бұл көлдердің пайда болу тарихы шамамен 1887 және 1911 жылдар. Көлдер тектоникалық жағдайлармен Қайыңды және Көлсай өзендерінің арналарында пайда болды. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.

«Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағы – Қазақстанның ең жас, аса қорғалған табиғи территориясы. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800—3500 метр биіктікте көлдер шоғыры, бай өсімдік және жан-жануар әлемі бар, бірегей ландшафт орналасқан. Табиғаттың тиісілмеген жеке аумақтары да сақталған.Ұлттық парктың көркем жерлерінің бірі – Көлсай өзені мен Шелек өзені тармағында, сұлу шатқалда орналасқан Көлсай көлдері.

Тамшыбұлақ су көздері

Image result for Тамшыбұлақ су көздері©el.kz

Тамшыбұлақ бұлағы Ақсу ауданындағы Қапал ауылының орталығында орналасқан көне заманнан келе жатқан, тастан қаланып салынған ескі зираттардың астын үңгіп, тас қабырғаларды жарып шығып, тамшылардан құралып ағып жатқан қасиетті бұлақ. Бұл бұлақтың мөлдір суын, жергілікті тұрғындар көне заманнан бері, әр түрлі ауруларды (көз, асқазан, сүйек – буын, жүйке аурулары және т.б.) емдеуге қолданған. Тамшыбұлақ табиғаты өте шұрайлы жерде орналасқан. Бұлақ қойнауы қысы – жазы көк шөптермен көмкерілген қалыпта, бұлақ суы қатпай, тамшылап ағып тұрады. Бұлақтың аты осыдан шыққан.

Ш.Уалиханов осы бұлақ туралы көне көз қарттардан мынандай аңыз жазып алған: «Күн сәулесіне құбылған тамшыбұлақтың тамшылары бірін бірі сүйген сұлтанның қызы мен шопанның ұлының көз жасы екен».

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш

Image result for Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жаңалық

«Жаңалық» елді-мекеніндегі кешенде ашаршылық құрбанда­рына ғана емес, кеңестік заманның 1930-50 жылдарында жазықсыз жапа шеккен, саяси-қуғын сүргінге ұшы­рағандардың барлығына арналған орын. Қазақ халқының аяулы азаматтарының, ардақты да асыл ұлдарының сүйектері де осы ауылдың төңі­регінде жатыр. Олардың көбінің есімін зерт­теушілер анықтауда. Бертінде Жаңалық аулының балалары адамның бас сүйегін доп қылып теуіп жүрген жерінен ересектер көріп, үкімет орындарына хабар береді. Содан кейін ғана Жаңалықтағы жазықсыз жандардың жатқан орны анықталған. «Жаңалық» ауылында қаншама мыңдаған адамдардың сүйегі жатыр деген мәлімет айқындалып, сол жерге ескерткіш орнатылды.

Саяси қуғын-сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарих беттерінің бірі болып қала бермек. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбек­теген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Қосылған күні: 07 қазан, 19:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.