Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Рухани жаңғыру / “Қазақ поэзиясының інжу-маржандары” антологиясы жарыққа шықты

“Қазақ поэзиясының інжу-маржандары” антологиясы жарыққа шықты

 “Қазақ поэзиясының інжу-маржандары” антологиясы жарыққа шықты

26 тамыз күні елордада “Қазақ поэзиясының інжу-маржандары” антологиясының тұсаукесері өтті. Бұл антология Президенттің тікелей қолдауымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жарыққа шықты. 

Ізгі шараға ақын-жазушылардан бөлек,  елімізге белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, ғалымдар, депутаттар, журналисттер қатысты. 

Тұсаукесерде сөз алған  Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли 13 томдық антологияның жарыққа шығуымен ақындарымызды құттықтап (Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов), алдағы уақытта бұл игі іс жалғасын табатынын айтты. 

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төл әдебиетіміздің дамуына әрдайым қолдау көрсетіп, барлық мүмкіндікті жасап отыр. Қазақ поэзия десе делебесі қозып тұратын халық. Осы 13 томдықтың әрбірінің кіріспесінде Президент жеке-жеке тоқталып, өзінің алғысөзін қалдырып отыр.  Оқырман қауымның көкейінде "бұл бастама жалғасын таба ма?" деген сауал туындағанын білеміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы алғы сөздерінің бірінде "алдағы уақытта осы топтама жалғасын тауып, көрнекті ақындарымыздың шығармаларын жарыққа шығара береміз деген сенімдемін" деп атап өткен. Жоғарыдағы сұрақтың жауабы осы деп ойлаймын”, - деді Ұлттық кітапханада өткен тұсаукесерде модератор болған Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Өз кезегінде жазушы, Тіл-қазына ұлттық орталығының бас директоры Әлібек Асқаров бұл антология сараптамадан өтіп, шығып отырғаны айтты. 

“Қазақ поэзиясының эвересттері төрт-бес ақын ғой. Соның ішінде Абай, Мағжан, Қасым және Мұқағали. Алдымен осы төрт ақын айтылды. Жалпы, 13 ақынды президенттің өзі таңдап алды. Негізі 11-і өмірден өтіп кеткен ақындар. Сосын екі ақын қазір көзі тірі. Олжас пен Мұхтар Шаханов. Олжастың да өлеңдері орысшасы емес, жанағы Қадыр Мырзәлі аударған текстері берілді”, - деді жазушы.

Аталмыш топтамаға нақтырақ айтқанда: Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шахановтың өлеңдері еніп отыр.

Тұсаукесерге келген Жазушылар Одағының басшысы аталмыш антология “Азия жазушылар І форумына" қатысатындарға таратылатынын айтты. 

“Антогиялар бұрын да шығып жүр. Мысалы, Қазақ поэзиясының антологиясы.  Ол бұрын жекелеген адамдардың, Жазушылар одағының, министрліктің немесе баспалардың бастамасымын шығып тұрған болса, бұл кітаптар мемлекет басшысының, біздің президентіміз Тоқаевтың бастамасымен шығып отыр. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты игі істердің атқарылып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Сол бағдарламаның аясында біз биыл Азия жазушыларының бірінші форумын өткізейік деп отырмыз. Оның күндері жақындап келе жатыр. Бұл кітаптар соның қарсаңында жарыққа шықты. Мемлекет басшысының және одан бергі министрліктер, мемлекеттік хатшы – барлықтарының әдебиетке деген оң көзқарасы қалыптаса бастағанын, соның бір көрінісі екенін ерекше атап өткім келіп отыр”, - деді Жазушылар Одағының төрағасы.

Бұдан бөлек кітаптардың тұсаукесеріне арнайы келген қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов әдебиетімізге үкімет көңіл бөліп, осындай көп томдықтың шығуына қуанатынын жеткізді. 

0
Рейтинг: +0

Фото: 24.kz
Қосылған күні: 26 тамыз, 17:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.