Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Рухани жаңғыру / "Адамзаттың Абайы" атты іс-шара өтті

"Адамзаттың Абайы" атты іс-шара өтті

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын Республика көлемінде атап өту туралы биыл 30 мамырда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бекітілді. Мерейтойды дайындау, өткізу жөнінде комиссия құрылды. Үкімет Һәкім Абайдың мерейтойын ел көлемінде атап өту үшін 500- ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлаған.

Бүгін Ұлы Абайдың туған күніне орай Алматы қаласы әкімдігі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында дәстүрлі "Адамзаттың Абайы" атты іс-шара өткізді.

Айтулы іс-шараға еліміздегі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, өнер сүйер қауым, оқырмандар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар Одағы атынан Одақ Төрағасы орынбасарлары Бауыржан Жақып пен Бақыт Беделхан келді. Белгілі ақын Бауыржан Жақып Абайға арналған өлеңін оқыды.

"Ұлы Абайдың данышпандығы өз алдына бөлек әңгіме. Бүгінгі іс-шарада актерлер көпшілікке Абай өлеңдерін оқып жатса, ақындарымыз Абайға өлең арнап, Абай туралы ойларын ортаға салып жатыр. Клер жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығы Республика көлемінде атап өтілмек. Біз де президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығына сәйкес істер атқарып жатырмыз. Жалпы, Абайды өз ішімізде кеңінен насихаттап келеміз ғой. ал шетелге таныту ақсап тұр. алдағы 175 жылдық тмерейтойына байланысты Абайды әлемнің 6 тіліне аудару, басқа нұсқада, басқа редакцияда әлемге ұсыну қолға алынып жатыр. Абайды тану әрбір қазақтың міндеті деп ойлаймын. Абайдың 150 жылдығы қарсаңында "Абай энцоклапедиясы" жарық көрді. одан бері де Абай, Абай шығармашылығы зерттеліп келе жатыр. Солардың бәрінің басын қосып, көп томдық шығару  175 жылдық мерейтой қарсаңындағы үлкен бір шара деп ойлаймын", - деді ЖО төрағаысының орынбасары  Бауыржан Жақып.

Ұлы Абайдың туған күніне орай өткізілген шарада мектеп оқушылары Абай өлеңдері мен қара сөзінен үзінділер оқып, театрланған қойылым қойылды. Ақындар: Қайсар Қауымбек, Әділет Ахмет, Батырхан Сәрсенхан, Мақпал Мыса және Алтыншапақ Хаутай ұлы ақынға арнау өлеңдерін оқыды.

Дәстүрлі әнші Талғат Әбуғазы Абайдың "Көзімнің қарасы", "Сегіз аяқ" әндерін нақышына келтіріп орындады. Бұдан бөлек жиналған қауым ән тыңдап, оқушылардың оқуындағы Абай өлеңдерімен сусындап қайтты.

Айта кетейік, келесі жылы Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл. Айтулы мерейтойға орай елімізде Абай өлеңдерін оқу эстафетасы жалғасып жатыр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та сырт қалмаған эстафетаға елімізден бөлек 12 елде, атап айтсақ, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Италия, Египет, Түркия, АҚШ, Украина, Австралия, Қырғызстан, Франция және Қытай елінің интернет қолданушылары да ат салысқан.

0
Рейтинг: +0

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 10 тамыз, 16:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.