Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Рухани жаңғыру / Талдықорғанда 41 автордың кітабы жарық көрді

Талдықорғанда 41 автордың кітабы жарық көрді

Талдықорғанда 41 автордың кітабы жарық көрді



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Рухани жаңғыру” бағдарламалық бағдарламасында: “Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды”, – деген еді. Ұлттық мәдениеттің жаршысы қай елде де жастар болған. Жастар елдің болашағы. Осы мақаладан соң жастарға да көптеп көңіл бөліне бастады. Биыл “Жастар жылы” деп аталды.

Соның жарқын көрінісі ретінде бүгін Талдықорған қаласында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “100 томдық Жетісу кітапханасы” жобасымен 41 автордың кітабының тұсауы кесілді. 41 автордың тең жартысы яғни 20-сы жас қаламгерлердің кітаптары. Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевтің қатысуымен өткен игі шараны “Мизам” әдеби клубы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасы  ұйымдастырды.

Аталған игі шараға еліміздің алыс-жақынынан келген ақын-жазушылар мен мәдениет саласындағы еңбек сіңіріп жүрген қайраткерлер қатысты. Шараның шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары қаламгерлерге табыс тіледі.

“Бүгінгі жинақ облыс әкімі Амандық Баталаовтың тікелей қолдауымен шығып отыр. Бүгінгі тұсаукесердегі кітаптың тең жартысы жастардікі. Оның арасында елісмізге таныылып жүрген өткір тілді жастар да бар. Сондықтан жас қаламгерлерге шығармашылықтабыс тілеймін”, – деді.

Облыс әкімінің орынбасары биыл күзде Талдықорғанда ірі деңгейдегі жас әдебиетшілер форумы өтетінін және алдыңғы жылы өткен балалар әдебиеті байқауы да жалғасатынын айтты.

Осыдан соң сөз алған Қазақстан Жазушылар Одағының орынбасары Бақыт Беделхан оқырмандарға жол алатын қаламгерлерге шығармашылық табыс тілеп, аймақ басшыларына алғысын білдірді.

Ал Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы облыстық филиалының басшысы Ерлан Жүніс : “Жыл сайын Алматы облысы әкімінің қолдауымен аймағымыздағы ақын-жазушылардың көптеген кітаптары жарық көреді. Мәселен, өткен жылы 37 кітап жарық көрсе, биылғы жылдың алғашқы жартысында мінекей 41 кітап баспадан шықты.  Бұл кітаптардың 20-сы биылғы «Жастар жылы» аясында, жас қаламгерлерді қолдау негізінде арнайы басылып шыққан олардың алғашқы кітаптары. Осы кітаптар жастардың алғашқы шығармашылық өміріндегі алтын қазығы, тіпті, Жетісудың, қазақ әдебиетінің өміріндегі үлкен бір тарихи сәттердің бірі болды деп санаймын” –  деп қаламгерлерге табыс тіледі.

0
Рейтинг: +0

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 16 шілде 2019, 22:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.